+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 12 марта 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Білім – ел болашағының іргетасы. Ал сол іргетасты берік қалап, жас ұрпақтың санасына білім мен тәрбие дәнін себетін жандар – ұстаздар. Осындай ұлағатты ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шымболат Айсұлу…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📗Білім – ел болашағының іргетасы. Ал сол іргетасты берік қалап, жас ұрпақтың санасына білім мен тәрбие дәнін себетін жандар – ұстаздар. Осындай ұлағатты ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Талдысай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шымболат Айсұлу Құдайбергенқызы.

📚Айсұлу Шымболат – көп жылдық тәжірибесі бар, өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті педагог. Ол ұзақ жылдар бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, білім саласында табанды еңбек етіп келеді. Ұстаздың әр сабағы – ізденіс пен жаңашылдыққа толы. Ол оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, әр баланың қабілетін ашуға ерекше мән береді. Әр шәкіртінің тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беріп, олардың бойындағы талантты дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Сабақ барысында оқушылардың логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістерді шебер пайдаланып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

🖇️Ұстаздың еңбегі әріптестері мен ата-аналардың да жоғары бағасына ие. Ол әріптестері арасында беделді, шәкірттері үшін үлгі боларлық ұстаздардың бірі. Оның педагогикалық шеберлігі аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі марапаттармен бағаланған.

📃Атап айтқанда, Шымболат Айсұлу Құдайбергенқызы облыстық деңгейде өткен «Комбинаторика – жаратылыстану әлемімен» тақырыбындағы шеберлік сағатына белсенді қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталған. Сонымен қатар облыстық пәндік олимпиадаларда І және ІІ дәрежелі дипломдарға ие болып, республикалық «Алтық сақа» математика олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

📝«Ұстаздық – ұлы мамандық. Нағыз ұстаз болу – жүрек қалауы», – дейді Айсұлу Құдайбергенқызы. Расында да, ол үшін шәкірт жетістігі – ең үлкен марапат. Оқушылардың білім биігінен көрінуі, олардың «менің ұстазым» деп мақтанышпен айтуы – ұстаз еңбегінің шынайы жемісі.

📖Бүгінде Айсұлу Құдайбергенқызы өз тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, мектеп ұжымының рухани тірегіне айналып отыр. Оның қажырлы еңбегі – еліміздің білім саласының дамуына қосылған зор үлес. Осындай ұстаздардың еңбегі арқылы болашақ ұрпақтың жолы жарқын, келешегі кемел болмақ.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности