+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 15 марта 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – шәкірт үшін адамгершіліктің биік үлгісі. Осындай абыройлы жолды таңдаған, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздардың бірі – химия пәнінің мұғалімі Жандоңғарова Алмагүл Серікқызы. Алмагүл Жандоңғарова — 1970 жылы 11 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📝Ұстаз – шәкірт үшін адамгершіліктің биік үлгісі. Осындай абыройлы жолды таңдаған, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздардың бірі – химия пәнінің мұғалімі Жандоңғарова Алмагүл Серікқызы.

📂Алмагүл Жандоңғарова — 1970 жылы 11 сәуірде Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Атырау педагогикалық институтына түсіп, 1993 жылы химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығын тәмамдады. Сол жылы еңбек жолын №6 жалпы орта білім беретін мектепте химия, биология пәндерінің мұғалімі болып бастап, бүгінгі күнге дейін осы білім ордасында абыроймен қызмет етіп келеді.

📋2019 жылдың наурызынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Педагог-зерттеуші санатындағы ұстаздың педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл. Осы уақыт ішінде ол бірнеше буын шәкіртке білім беріп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де зерек жастарды тәрбиелеп келеді.

🖇️Ұстаз еңбегі елеусіз қалған жоқ. 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2021 жылы Шалқар ауданы әкімдігінің Алғыс хатын, 2022 жылы «Аманат» партиясының Алғыс хатын иеленді.

📚Кәсіби жетістіктері де мол. «Үздік педагог олимпиадасы – 2020» республикалық педагогикалық олимпиадасында І орын, «Ең озық педагогикалық идеялар» облыстық байқауында ІІ орын, «Үздік сабақ жоспары» республикалық байқауында І орын және химия пәні мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиадада І орын алды.

📋Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірттерінің жетістігі. Оның оқушылары республикалық «Жас дарындар» байқауында І орын, «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасында ІІ орын, «Дарабоз – 2025» IV республикалық олимпиадасында ІІ орын иеленді.

🌟 Жандоңғарова Алмагүл Серікқызы – білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, шәкірт жүрегіне жол тапқан ұлағатты ұстаз, еңбек адамы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности