+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 17 мая 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, білім шырағын сөндірмей ұстап тұратын қастерлі мамандық иесі. Адал еңбек пен маңдай тер арқылы ғана адам құрметке ие болады. Осындай ұлағатты жолды өміріне серік еткен жандардың бірі – Қисықбасов Берік Азанұлы. Берік Қисықбасов…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✔️Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, білім шырағын сөндірмей ұстап тұратын қастерлі мамандық иесі. Адал еңбек пен маңдай тер арқылы ғана адам құрметке ие болады. Осындай ұлағатты жолды өміріне серік еткен жандардың бірі – Қисықбасов Берік Азанұлы.

🧩Берік Қисықбасов 1963 жылдың 1 наурызында Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1970–1980 жылдары Сағыз орта мектебінде білім алып, еңбек жолын 1980 жылы комсомол жастар бригадасында бастады.

📄1981–1985 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында білім алып, физика пәні мұғалімі мамандығын меңгерді. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін аудандық білім бөлімінде қызмет атқарып, 1985–1987 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді.

📃Әскери қызметтен кейін 1987 жылы аудан орталығындағы Комсомолдың ХХХ жылдығы атындағы орта мектепке физика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Содан бері осы білім ордасында үздіксіз еңбек етіп келеді. Ұзақ жылдық қызметінде шәкірт тәрбиелеумен қатар мектептің дамуына да елеулі үлес қосты.

🗞️1993–2004 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Кейін ұстаздық жолын жалғастырып, 2013 жылдан бастап қайтадан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

📁Көп жылғы жемісті еңбегі елеусіз қалған жоқ. Берік Қисықбасов аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен, облыстық білім басқармасының және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2024 жылы «Еңбек ардагері» медалін иеленуі – ұстаз еңбегіне берілген үлкен баға.

☑️Бүгінде ол өнегелі әке, ардақты ата. Жолдасымен бірге 3 бала тәрбиелеп өсіріп, 11 немеренің қызығын көріп отыр.

✅Қисықбасов Берік Азанұлы саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнаған, шәкірт жүрегінен орын алған білікті ұстаз. Оның адал еңбегі мен тағылымды жолы жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности