+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 29 марта 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол бағыт-бағдар көрсетуші, шәкірт жүрегіне жол таба білетін тәрбиеші, рухани шамшырақ. Осындай қадірлі мамандық иелерінің бірі – Бурхина Сәуле Әбдіғалиқызы. Бурхина Сәуле Әбдіғалиқызы - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тумасы. Мектеп…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📝Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол бағыт-бағдар көрсетуші, шәкірт жүрегіне жол таба білетін тәрбиеші, рухани шамшырақ. Осындай қадірлі мамандық иелерінің бірі – Бурхина Сәуле Әбдіғалиқызы.

🔸Бурхина Сәуле Әбдіғалиқызы - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тумасы. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ білімге деген құштарлығы мен ұстаздыққа деген ынтасы айқын байқалған ол Северный орта мектебін сәтті тәмамдайды. Арман қуған жас талапкер 1982–1986 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетінде білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын игереді.

📚Еңбек жолын Бекенбай орталау мектебінен бастаған жас ұстаз аз уақыттың ішінде өзінің жауапкершілігімен, ізденімпаздығымен ерекшелене білді. 1990 жылдан бастап Жаңажол орта мектебінде ұзақ жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, талай шәкірттің жүрегіне жол тапты. Ал 2007–2008 оқу жылынан бастап Байғанин ауданының №2 Қарауылкелді орта мектебінде ұстаздық қызметін жалғастырып, өз тәжірибесін кейінгі буынмен бөлісіп келеді.

🖇️Бурхина Сәуле Әбдіғалиқызы – 40 жылға жуық уақытын білім саласына арнаған, өз ісіне адал, білікті де тәжірибелі ұстаз. Бұл – тек еңбек өтілі ғана емес, мамандығына деген шынайы сүйіспеншілік пен қажырлы еңбектің айғағы. Ол әрбір шәкіртіне тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, өмірде өз жолын табуына бағыт-бағдар береді.

▫️Ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі – шәкірт жетістігі. Осы орайда Сәуле Бурхина тәрбиелеген талай оқушы өмірден өз орнын тауып, түрлі салада табысты еңбек етуде. Бұл – ұстаз еңбегінің еленуі мен бағалануының нақты көрінісі.

▪️Бурхина Сәуле Әбдіғалиқызы – саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған, өмірлік тәжірибесі мол, өнегелі жан. Осындай еңбек адамдары қоғамның тірегі, елдің болашағын қалыптастыратын асыл жандар.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности