+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 29 марта 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Осы ұстанымды өмірлік мұратына айналдырған, 38 жылын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған байғаниндік ұстаздардың бірі – химия және биология пәндерінің мұғалімі Имағамбет Қарылға Аманғалиқызы. Имағамбет Қарылға Аманғалиқызы — 1965…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Осы ұстанымды өмірлік мұратына айналдырған, 38 жылын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған байғаниндік ұстаздардың бірі – химия және биология пәндерінің мұғалімі Имағамбет Қарылға Аманғалиқызы.

📃Имағамбет Қарылға Аманғалиқызы — 1965 жылы 20 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келген. 1983–1988 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін тәмамдап, еңбек жолын Байғанин ауданы Алтай батыр ауылындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектептен бастады. Содан бері осы білім ордасында үздіксіз қызмет етіп, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап келеді.

🔰Химия – терең білім мен үлкен жауапкершілікті талап ететін күрделі пән. Ұстаз өз шәкірттеріне тек теориялық және практикалық білім беріп қана қоймай, олардың бойына еңбекқорлық, табандылық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіре білді.

📋Ұстаз еңбегінің айқын көрінісі – шәкірттерінің жетістіктері. Оның оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, “Ақбота” интеллектуалдық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болса, 2022 жылы жаратылыстану пәнінен облыстық І орын, химиядан ІІІ орын алды. 2025 жылы химия пәнінен облыстық ІІ орынға қол жеткізсе, 2026 жылы екі оқушысы бірдей облыстық пәндік олимпиадада І және ІІ орындарды иеленді. Сонымен қатар, ауылдық олимпиадаларда да шәкірттері үздік нәтижелер көрсетіп, алғыс хаттармен марапатталды. ҰБТ қорытындысы бойынша да түлектері жоғары балл жинап, білім гранттарының иегері атануда.

📜Ұстаз еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол 2019 жылы облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен, 2022 жылы Байғанин ауданы әкімдігінің Алғыс хатымен, 2024 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

📝38 жылдық еңбек жолы – бұл тек уақыт өлшемі емес, бұл адалдықтың, төзімділіктің, кәсіби шеберліктің және шәкіртке деген шынайы сүйіспеншіліктің айғағы. Имағамбет Қарылға Аманғалиқызы – еңбегі құрметке бөленген, жетістігі мақтанышқа айналған ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности