+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 01 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Қоғам дамуының өзегінде тұратын тұлға – еңбек адамы десек, солардың алдыңғы қатарында шәкірт тәрбиесіне ғұмырын арнаған ұстаздар тұр. Осындай жандардың бірі – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Кемер ауылындағы Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің қазақ тілі мен…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Қоғам дамуының өзегінде тұратын тұлға – еңбек адамы десек, солардың алдыңғы қатарында шәкірт тәрбиесіне ғұмырын арнаған ұстаздар тұр. Осындай жандардың бірі – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Кемер ауылындағы Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисалиева Тілектес Айтжанқызы.

🔳Бисалиева Тілектес Айтжанқызы — 1983-1984 оқу жылынан бастап аталған білім ордасында үздіксіз қызмет етіп келеді. Қырық жылдан астам уақытын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі педагог өз ісінің нағыз шебері ретінде танылған.

✅Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірт жетістігі. Оның жетекшілігімен білім алған оқушылар түрлі деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатып жүр.

📚Ұзақ жылғы табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігі педагогтың өзіне де бірқатар марапаттар әкелді. Ол аудандық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталып, “Үздік мұғалім” атағын иеленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасына ие болып, іс-тәжірибесін таратудағы белсенділігі үшін де жоғары бағаланды. Кейінгі жылдары да оның еңбегі елеусіз қалған жоқ: Оқу-ағарту министрлігі мен “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаттары, сондай-ақ облыс әкімінің марапаты соның дәлелі.

✅ Тілектес Бисалиева – тек білім беруші ғана емес, шәкірт жүрегіне жол таба білетін тәлімгер. Ол әр оқушының тұлғалық қалыптасуына ерекше мән беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді басты назарда ұстайды. Осындай жемісті еңбектің арқасында ол әріптестері мен ата-аналардың зор құрметіне бөленіп келеді.

📑Еңбек адамының шынайы бейнесі – маңдай термен келген табыс пен ел игілігіне қосқан үлес. Осы тұрғыдан алғанда, Бисалиева Тілектес Айтжанқызының ұстаздық жолы кейінгі буынға үлгі боларлық тағылымды ғұмыр.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности