+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 05 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, білім мен тәрбие арқылы қоғамның дамуына үлес қосатын ұлы тұлға. Осындай жауапты жолды абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – тәжірибелі педагог Бижанова Салтанат Махатқызы. Ойылдық ұстаз Салтанат Бижанова — 1965 жылы 29…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✔️Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, білім мен тәрбие арқылы қоғамның дамуына үлес қосатын ұлы тұлға. Осындай жауапты жолды абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – тәжірибелі педагог Бижанова Салтанат Махатқызы.

☑️Ойылдық ұстаз Салтанат Бижанова — 1965 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. 1989 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын тәмамдап, химия және биология пәндерінің мұғалімі мамандығын алды. Жоғары білімді маман ретінде еңбек жолын бірден білім беру саласына арнады.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл селосындағы Ойыл қазақ орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 32 жыл. Осы жылдар ішінде ол өзін білікті де тәжірибелі ұстаз ретінде танытып, «педагог-зерттеуші» санатына ие болды.

🔹Ұстаз өз қызметінде оқушыларға сапалы білім берумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.

🔳Салтанат Бижанова кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын ұстаз. Ол әр жылдары біліктілік арттыру курстарынан өтіп, түрлі семинарлар мен конференцияларға, олимпиадаларға белсенді қатысып келеді. Бұл оның педагогикалық шеберлігінің үнемі дамып отыруына негіз болды.

▪️Еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізген ұстаз түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған. Атап айтқанда, бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Ең үздік жетекші» атағын иеленді. Облыстық педагогикалық олимпиадада жүлделі орын алып, «Облыстың үздік мұғалімі» және «Облыстың үздік жетекшісі» атанды. Сондай-ақ облыс әкімінің грантына ие болып, «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен марапатталды.

◽️Кейінгі жылдары да оның жетістіктері жалғасын тауып, республикалық және облыстық байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері атанды. 2023 жылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі белсенді еңбегі үшін «Аманат» партиясының Алғыс хатына ие болды.

🔸Салтанат Бижанова – өз мамандығына адал, үздіксіз ізденіс үстінде жүретін, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности