+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 06 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Еңбек адамын ең алдымен оның кәсіби адалдығы мен жауапкершілігі арқылы бағалайды. Сол жолда өзін көрсеткен бірегей тұлға – Жаулин Есенғали Мыңбайұлы. Ол 1963 жылы 8 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс елді мекенінде көпбалалы отбасында дүниеге келген ол…

ЕҢБЕК АДАМЫ

▪️Еңбек адамын ең алдымен оның кәсіби адалдығы мен жауапкершілігі арқылы бағалайды. Сол жолда өзін көрсеткен бірегей тұлға – Жаулин Есенғали Мыңбайұлы. Ол 1963 жылы 8 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс елді мекенінде көпбалалы отбасында дүниеге келген ол бала кезінен білімге құштар болып, ұстаздық жолды таңдаған.

📝1970–1980 жылдары Сағыз орта мектебінде білім алған Есенғали Жаулин мектеп қабырғасында-ақ оқуға деген ынтасы мен ізденімпаздығымен ерекшеленген. 1980–1985 жылдары Гурьев педагогикалық институтында биология және химия пәндерінің мұғалімі мамандығын игеріп, алған терең білімін болашақ ұстаздық қызметінде тиімді пайдаланды.

📃Еңбек жолын 1985 жылы Көкбұлақ орта мектебінде бастап, кейін Сағыз орта мектебінде жалғастырған ол осы білім ордасында бірнеше онжылдық бойы шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді. Химия пәнінен дәріс беріп қана қоймай, ол әр сабақта оқушыларға білім мен тәрбиені қатар ұштастыруды мақсат тұтады.

🔰 Есенғали Жаулиннің ұстаздық қызметіндегі басты ұстанымы – сапалы білім беру ғана емес, сонымен бірге елжанды, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Шәкірттеріне туған жер тарихын дәріптеу арқылы отансүйгіштік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Оның еңбегінің жемісі – шәкірттердің жетістіктері мен бағындырған белестері.

🖇️Ұстаз әрдайым ізденісте. Ол заманауи әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолданып, кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Нәтижесінде оның шәкірттері түрлі деңгейдегі білім сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, мектептің абыройын арттырады.

📜 Ұжым ішінде де ол беделді, әрі сыйлы ұстаз ретінде құрметті. Жалпы, Жаулин Есенғали Мыңбайұлы – нағыз еңбек адамы, білім мен тәрбиенің майталманы. Ол өз мамандығына адал, шәкіртке қамқор, қоғамға пайдасын тигізетін ұстаздардың үлгісі болып отыр.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности