+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 13 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ 📚Кітапханашы – білім мен тәрбиенің алтын көпірі, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын оятып, рухани дүниесін байытатын еңбек адамы.  Осындай жауапты да құрметті қызметті өмірінің мәніне айналдырған жандардың бірі – Алмаханова Лиза Ранқызы. ✔️Алмаханова Лиза…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Кітапханашы – білім мен тәрбиенің алтын көпірі, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын оятып, рухани дүниесін байытатын еңбек адамы.  Осындай жауапты да құрметті қызметті өмірінің мәніне айналдырған жандардың бірі – Алмаханова Лиза Ранқызы.

✔️Алмаханова Лиза Ранқызы — 1964 жылы 1 мамырда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына қарасты Жаңадәуір ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Қарабұтақ ауданындағы Талдық орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1980 жылы сегізжылдық білімін тәмамдайды. Білімін жалғастыру мақсатында Жабасақ орта мектебіне ауысып, 1982 жылы 10-сыныпты аяқтап шығады.

🖇️1983 жылы Ақтөбе қаласындағы бухгалтерлік курсқа түсіп, оны 1984 жылы сәтті аяқтайды. Еңбек жолын Қарабұтақ аудандық статистика бөлімінде оператор қызметінен бастап, кейін сол мекемеде экономист болып еңбек етеді. 1986 жылы отбасылық жағдайына байланысты Жабасақ ауылына қоныс аударып, ауылдық кітапханада кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады.

📃2001–2007 жылдар аралығында аудандық электр желілері бөліміне қарасты Жабасақ ауылында кассир-бақылаушы болып жұмыс істейді. Ал 2008 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы орта мектепте кітапхана меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.

📋Білімін жетілдіруді мақсат еткен ол 2010 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, 2012 жылы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша диплом алып шығады. Бұл оның кәсіби шеберлігін арттырып, кітапхана саласындағы қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

📝Лиза Алмаханованың кітапхана ісіндегі еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол 2014 және 2023 жылдары Ақтөбе облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ 2020 жылы Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Алғыс хатын, 2021, 2024 және 2025 жылдары Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Алғыс хаттарын иеленді. 2022 жылы аудандық кәсіподақ тарапынан шипажайға жолдама сертификатына ие болды.

▪️Алмаханова Лиза Ранқызы – өз ісіне адал, еңбекқор жан. Ол кітапхана арқылы жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлес қосып келеді. Осындай еңбек адамдарының өнегелі жолы – кейінгі буынға үлгі, қоғам үшін үлкен құндылық.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности