+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 14 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ 📚Кітапханашы – руханияттың шамшырағын жағып, адам мен кітап арасын жалғап тұрған ерекше мамандық иесі. Ол тек кітап сақтаушы ғана емес, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыратын тәрбиеші, бағыт-бағдар беруші тұлға. 📕Осындай жауапты…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Кітапханашы – руханияттың шамшырағын жағып, адам мен кітап арасын жалғап тұрған ерекше мамандық иесі. Ол тек кітап сақтаушы ғана емес, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыратын тәрбиеші, бағыт-бағдар беруші тұлға.

📕Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі – Исақова Зинегүл Төлегенқызы. Ол 1976 жылдың 3 маусымында Ақтөбе облысында дүниеге келген. Жоғары білімді, саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған білікті маман.

📗Қазіргі таңда Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кітапхана меңгерушісі қызметін табысты атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 33 жыл. Осы жылдар ішінде ол өзін жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз, өз ісіне адал маман ретінде танытты.

📙Зинегүл Исақова  – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ол кітапхана жұмысын заман талабына сай ұйымдастырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ерекше мән беріп келеді. Оның ұйымдастыруымен түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар, кітап көрмелері мен әдеби кештер өткізіліп, жас ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосылуда.

📒Кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыратын маман 2026 жылы «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы курстан өтіп, сертификат иегері атанды. Бұл – оның үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдыққа ұмтылатын маман екенінің дәлелі.

📕Еңбегі елеусіз қалған емес. Ол бірнеше мәрте аудандық және облыстық деңгейдегі Құрмет грамоталарме,  Алғыс хаттармен марапатталған. Бұл – оның білім саласына қосқан сүбелі үлесінің айқын көрінісі.

🖇️Зинегүл Исақова – тек білікті маман ғана емес, сонымен қатар үш баланың ардақты анасы. Отбасы мен қызметті қатар алып жүрген өнегелі жан ретінде де көпке үлгі.

📖Кітап – адамзаттың асыл қазынасы десек, сол қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін кітапханашылардың еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Зинегүл Исақова осы жолда аянбай еңбек етіп, білім мен руханияттың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности