+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Кітапханашы – білім мен руханияттың алтын көпірі, оқырман мен кітапты байланыстыратын маңызды тұлға. Жолдыбаева Айымгүл Оспанқызы – Шалқар ауданы Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектептің кітапханашысы, өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман. Ол 1968 жылы 1…

ЕҢБЕК АДАМЫ

 

📖 Кітапханашы – білім мен руханияттың алтын көпірі, оқырман мен кітапты байланыстыратын маңызды тұлға.

👩‍🏫 Жолдыбаева Айымгүл Оспанқызы – Шалқар ауданы Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектептің кітапханашысы, өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары маман. Ол 1968 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

🎓 1985 жылы І.Үргенішбаев атындағы №40 қазақ орта мектебін тәмамдап, 2004 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алып, диплом иеленді.

💼 Еңбек жолын 2004–2009 жылдары Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицей кітапханасында бастап, 2009 жылдан бері Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектебінде үздіксіз қызмет атқарып келеді.

📖 Өз жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушыларды кітап оқуға баулуда түрлі кештер, сайыстар мен апталықтар өткізеді. «Түнгі кітапхана» кеші – оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырған ерекше шара.

🏆 Айымгүл Жолдыбаева жетекшілік еткен оқушылар түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. 2024–2025 оқу жылында өткен «Мақатаев оқулары» байқауында Баймырза Әбілмансұр бас жүлде алып, жетекшісі «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Республикалық және аудандық байқауларда оқушылары І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, жоғары нәтижелер көрсетуде.

🌟 Жолдыбаева Айымгүл Оспанқызы – жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, рухани дамуына үлес қосып жүрген білікті кітапханашы.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности