+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Шадманова Гүлнар Құспанқызы — кітапхана ісінің қыр-сырын терең меңгерген, тәжірибелі маман. Ол 1967 жылы 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ж.Молдағалиев ауылында дүниеге келді. Мектепті тәмамдағаннан кейін, Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📖 Шадманова Гүлнар Құспанқызы — кітапхана ісінің қыр-сырын терең меңгерген, тәжірибелі маман. Ол 1967 жылы 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ж.Молдағалиев ауылында дүниеге келді. Мектепті тәмамдағаннан кейін, Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде “Кітапхана ісі” мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын Батыс Қазақстан облысындағы Чапай ауданындағы кітапханада бастады.

📚 Гүлнар Шадманова 1994 жылдан бері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми кітапханасында еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде кітапхана саласының түрлі бағыттарында жетістіктерге жетіп, кәсіби тәжірибесін шыңдады. Әрқашан өз ісіне адал әрі жауапкершілігі жоғары маман ретінде ұжымда үлкен сенімге ие болды.

📖 2007–2023 жылдар аралығында ол университет кітапханасының бөлім меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып, кітапхананың ғылыми-ақпараттық қызметін дамытуда елеулі еңбек сіңірді. Оқырмандарға сапалы ақпараттық қызмет көрсету ісін жетілдіріп, кітапхананың әртүрлі бөлімдерінің тиімді жұмыс істеуіне атсалысты. Бұл кезеңде Гүлнар Шадманованың ұйымдастырушылық қабілеті мен шығармашылығы ерекше байқалды.

📚 Қазіргі уақытта Шадманова Гүлнар Құспанқызы университеттің ғылыми кітапханасындағы Зерттеушілерге қолдау көрсету бөлімінің маманы ретінде қызмет етеді. Ол өз жұмысында ғылыми зерттеулер мен ғылыми басылымдарға қолдау көрсету, зерттеушілердің жұмыстарын насихаттау сияқты маңызды міндеттерді орындап келеді. Осылайша, кітапхана мен университет арасындағы тығыз байланысты нығайтуда үлкен рөл атқаруда.

📖 Гүлнар Шадманованың кітапхана ісі мен библиография саласындағы тәжірибесі мол. Оның ұйымдастыруымен университет ғалымдары мен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне арналған бірнеше библиографиялық көрсеткіштер жарық көрген. Ғылыми басылымдар мен биобиблиографиялық көрсеткіштер құрастыру ісінде ерекше тәжірибесі бар маман ретінде оның еңбегі жоғары бағаланады.

📚 Шадманова Гүлнар Құспанқызы — кітапхана ісінің нағыз шебері, жауапкершілігі жоғары және ұжымда беделі зор маман.

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности