+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 20 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ 📚 Кітапханашы – рухани қазынаны сақтаушы, білім мен мәдениеттің шамшырағы, ұрпақтар сабақтастығын жалғаушы маңызды мамандық иесі. 😊 Жұмабекова Ғалия Зұлкарнайқызы — 1963 жылдың 10 ақпанында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Балалық шағы қарапайым…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚 Кітапханашы – рухани қазынаны сақтаушы, білім мен мәдениеттің шамшырағы, ұрпақтар сабақтастығын жалғаушы маңызды мамандық иесі.


😊 Жұмабекова Ғалия Зұлкарнайқызы — 1963 жылдың 10 ақпанында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген. Балалық шағы қарапайым еңбекқор отбасында өтті. Бес баланың ортасында өскен Ғалия Жұмабекова жастайынан еңбекке, тәртіпке бейім болып қалыптасты.


🎒 1970 жылдың 1 қыркүйегінде Жайсаң орта мектебінің табалдырығын аттап, білім жолын бастайды. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ кітапқа деген ерекше қызығушылығы байқалады. Бұл қызығушылық кейін оның өмірлік мамандығын таңдауға негіз болды.


📖 1980-1982 жылдары мәдени-ағартушылық училищесінде білім алып, кітапханашы мамандығын игерді. Оқуын аяқтаған соң Ақтөбе қаласындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында еңбек жолын бастайды. Алайда отбасылық жағдайға байланысты туған жері Жайсаң ауылына қайта оралуына тура келеді.


👩‍🏫 1984 жылдың 4 қаңтарынан бастап Жайсаң балабақшасында тәрбиеші болып қызмет етеді. Сол жылдың 1 тамызынан бастап Жайсаң орта мектебіне кітапханашы қызметіне қабылданып, осы салада ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етеді. Оның кітапхана ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігі көпшіліктің құрметіне ие болды.


🌟 Ғалия Жұмабекова Жайсаң орта мектебінде 41 жыл бойы кітапханашы қызметін абыроймен атқарды. Осы уақыт ішінде ол оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге деген құштарлығын оятуға зор үлес қосты. 2024 жылдың ақпан айында зейнеткерлікке шықса да, бүгінгі таңда сүйікті мектебінде еңбек жолын жалғастырып келеді.


🏅 Еңбек жолында ол көптеген марапаттарға ие болды. Облыстық және аудандық білім бөлімдерінің мадақтамалары мен алғыс хаттары, Мәртөк орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының алғыс хаты – оның еңбегінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, 2023 жылы облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан «Мерке» шипажайына жолдама беріліп, еңбегі жоғары бағаланды.


💐 Ғалия Жұмабекованың өмір жолы – адал еңбек пен мамандыққа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның еңбегі мен тәжірибесі жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.

 

--
Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности