+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 28 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Сыздықова Амина Кенжебекқызы – саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған, шәкірт жүрегіне жол таба білген байғаниндік ұлағатты ұстаздардың бірі. Ол – тек пән мұғалімі ғана емес, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілік дәнін себуші, нағыз еңбек адамы. Амина…

ЕҢБЕК АДАМЫ

 

👩‍🏫 Сыздықова Амина Кенжебекқызы – саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған, шәкірт жүрегіне жол таба білген байғаниндік ұлағатты ұстаздардың бірі. Ол – тек пән мұғалімі ғана емес, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілік дәнін себуші, нағыз еңбек адамы.

📍 Амина Сыздықова — 1965 жылдың 30 мамырында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында-ақ білімге деген құштарлығымен көзге түсіп, болашақ мамандығын айқындайды. Арман жетегінде Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының география-биология факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы жоғары білім алып шығады.

📚 Еңбек жолын сол жылы Ақтөбе облысы Байғанин орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі ретінде бастап, үлкен жауапкершілікпен қызмет етеді. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Осы кезеңде жоғары санатты мұғалім атанып, облыстық Құрмет грамотасымен марапатталады.

📖 2004–2011 жылдар аралығында өзі қызмет еткен білім ордасында әдіскер қызметін атқарып, ұстаздарға бағыт-бағдар береді. Бұл жылдары ол тек мұғалім ғана емес, тәжірибесімен бөлісетін білікті маман ретінде танылды. Оның бастамасымен Байғанин орта мектебі тірек мектепке айналып, бірнеше білім ордасы бірлесе жұмыс жүргізеді. Нәтижесінде түрлі семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асады.

🏅 Ұзақ жылғы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесінде 2018 жылы «зерттеуші», 2021 жылы «педагог-шебер» біліктілік санаттарын алады.

2024 жылы облыстық тамыз кеңесінде көпжылдық еңбегі жоғары бағаланып, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталады. Бұл марапат – ұстаздың жылдар бойғы тынымсыз еңбегінің, білім беру саласына қосқан зор үлесінің айқын дәлелі.

🌿 38 жыл бойы бір ғана білім ордасында еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне білім мен тәрбиенің шуағын сепкен ардақты ұстаз бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп отыр. Оның өнегелі өмір жолы – жас ұстаздарға үлгі, ал шәкірттері үшін мәңгілік мақтаныш.

--

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности