+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 29 апреля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Елентаева Жанот Ұзақбайқызы – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қызыл-Сай ауылында дүниеге келген білікті де тәжірибелі ұстаз. Ол өзінің саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне зор үлес қосып келеді. 1988–1989 жылдары Ақтөбе облысыҚарғалы…

ЕҢБЕК АДАМЫ

 

📃Елентаева Жанот Ұзақбайқызы – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қызыл-Сай ауылында дүниеге келген білікті де тәжірибелі ұстаз. Ол өзінің саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне зор үлес қосып келеді.

✔️1988–1989 жылдары Ақтөбе облысыҚарғалы ауданы Әлімбет орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. 1989–1994 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында білім алды. 1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарғалы ауданы№2 Бадамша орта мектебінде тарих және құқық пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.

✅Еңбек жолының алғашқы күнінен бастап кәсіподақ мүшесі ретінде белсенді қызмет атқарып келеді. Кәсіподақ комитетінің жұмысына араласып, ұжымдағы мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға, салауатты әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, әріптестердің құқықтарын қорғауға және ұжым ішіндегі тұрақтылық пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

🔸Жанот Елентаева – өз ісіне адал, ізденімпаз, адамгершілігі жоғары ұстаз. Ол еңбек жолында түрлі деңгейдегі байқаулар мен білім сайыстарына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Оның шәкірттері де облыстық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда І орын иегері атанып, ұстаз еңбегінің жемісін көрсетіп жүр.

🔰Ол ұжым арасында беделді, мінезі ашық, әріптестеріне әрдайым қолдау көрсететін, адамгершілік пен сыйластықты жоғары қоятын тұлға. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектеп өмірінің дамуына тұрақты үлес қосып келеді.

✔️Жетістіктері қатарында Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы (2024 ж.), Облыстық Кәсіподақ төрағасының Алғыс хаты (2022 ж.), Қарғалы аудандық әкімдігінің Грамотасы (2017 ж.), Қарғалы аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты (2020 ж.), сондай-ақ облыстық пәндік олимпиадада І орын (2021 ж. және 2023 ж.) иеленуі бар.

🧩Жанот Елентаева – жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген нағыз еңбек адамы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности