+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 04 мая 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын, білім мен тәрбиені қатар ұсынатын ұлы тұлға. Қалиева Әлия Ботабайқызы – саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті ұстаздардың бірі. Ол 1965 жылы 3 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын, білім мен тәрбиені қатар ұсынатын ұлы тұлға. Қалиева Әлия Ботабайқызы – саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті ұстаздардың бірі. Ол 1965 жылы 3 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарлы елді мекенінде дүниеге келген. 1972–1982 жылдары Байғанин орта мектебінде білім алып, болашақ мамандығына алғашқы қадамдарын сол жерде бастады.

🎓 1983 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.

📚 Еңбек жолын 1987 жылы Мұғалжар ауданы Победа совхозындағы орыс-қазақ аралас мектебінде бастаған жас маман өз ісіне жауапкершілікпен қарап, алғашқы күннен-ақ шәкірттерінің құрметіне бөлене білді. 1988 жылдың қыркүйек айында Байғанин ауданы Оймауыт совхозындағы Жаңажол орта мектебіне ауысып, педагогикалық қызметін жалғастырды.

🏫 1989 жылдан бастап Байғанин орта мектебінде өз мамандығы бойынша еңбек етіп келе жатқан Әлия Қалиева – көпжылдық тәжірибесі бар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі, зерттеуші-педагог ретінде танылды.

🏅 Ұстаздың ел болашағына сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі жоғары бағаланып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болды.

🌟 Сонымен қатар, Әлия Қалиева – білім саласының ардагері, абыройлы ұстаз ретінде Байғанин орта мектебінің директоры болған, елге еңбегі сіңген тұлға Омар Ықыласов атындағы сыйлықтың иегері атанды. Бұл марапат оның ұстаздық жолындағы табысты еңбегінің айқын дәлелі.

🏆 Ол Ақтөбе облысының білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктері мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі үлесі үшін Құрмет грамоталарымен де марапатталған. Бұл жетістіктер ұстаздың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

📊 Бүгінде Әлия Қалиева бәсекеге қабілетті, білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог.

 

Ақтөбе облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности