+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 14 апреля 2026

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҰСТАЗ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҰСТАЗ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҰСТАЗ Қоғамда еңбек адамының орны ерекше. Соның ішінде саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұрат еткен ұстаздардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Осындай ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ұстаздардың бірі – Бостанова Бибісара…

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҰСТАЗ

Қоғамда еңбек адамының орны ерекше. Соның ішінде саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұрат еткен ұстаздардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Осындай ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ұстаздардың бірі – Бостанова Бибісара Әлмағанбетқызы.

Бибісара Әлмағанбетқызы 1981 жылдан бастап қазіргі Саудакент ауылындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы балалар саз мектебінде еңбек етіп келеді. Жамбыл мәдени ағарту училищесін «Халық аспаптар дирижері» мамандығы бойынша тәмамдап, сол уақыттан бері шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, бүгінгі күнге дейін 44 жыл ұстаздық қызмет атқарып келеді.

Осы жылдар ішінде Бибісара апайдың алдынан көптеген дарынды шәкірттер білім алып, өнер жолында биік белестерді бағындырды. Олардың қатарында халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары – Толғанай Үсенқызы, Асылай Ысқақ және басқа да шәкірттері бар. Бүгінде ол шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, өнерге баулып келеді. Ұстаз жолын жалғастырып жүрген шәкірттері Асу Нұртанов мен Айнұр Әмірбекова да жас ұрпаққа білім беріп, ұстаздық жолда еңбек етуде.

Бибісара Әлмағанбетқызы ұжым арасында да ерекше сыйлы, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білетін парасатты жан. Ол әріптестеріне ақыл-кеңесін айтып, өзінен кейінгі жас мамандарға бағыт-бағдар беріп келеді. 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін мектептің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін де абыроймен атқарып келеді.

Ұстаздың еңбегі жоғары бағаланып, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ Білім министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Бибісара Әлмағанбетқызы – отбасының ұйытқысы, аяулы ана, асыл әже. Жолдасы Манарбек Бизаковпен бірге Қанат, Нұрхат атты ұлдарын тәрбиелеп өсірген. Бүгінде үлкен ұлы Қанаттан төрт немере сүйіп, немерелерінің қызығын көріп отырған бақытты әже. Ұзақ жылғы еңбегі мен адамгершілік қасиеттерінің арқасында ол шәкірттері мен әріптестеріне әрдайым үлгі болып келе жатқан ұлағатты ұстаз.

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности