+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АРДАҚТЫ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 12 мая 2026

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АРДАҚТЫ ҰСТАЗ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АРДАҚТЫ ҰСТАЗ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АРДАҚТЫ ҰСТАЗ Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік қасиеттерге баулып, тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беріп келе жатқан ұлағатты ұстаздардың бірі - Доскельдинова…

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН АРДАҚТЫ ҰСТАЗ

Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік қасиеттерге баулып, тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беріп келе жатқан ұлағатты ұстаздардың бірі - Доскельдинова Маржан Жайыққызы.

Казіргі таңда аталған білім ордасында қызмет атқарып жүрген Маржан Доскельдинова 36 жыл бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан тәжірибелі педагог.

Ол бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың үлгісін көрсетіп жүрген білікті ұстаз.

Маржан Жайыққызы - өз ісінің маманы, жауапкершілігі жоғары, ұжым арасында сыйлы, беделді ұстаз. Бүгінгі білім беру жүйесі мұғалімнен жаңашылдықты, шығармашылық ізденісті талап етсе, ол жоғары үдеден шығып, мол тәжірибесі мен кәсіби шеберлігінің арқасында шәкірттерімен тығыз байланыс орнатып, талай жетістіктерге жетіп келеді.

Еңбек жолында мектепшілік, қалалық байқауларға қатысып, білім ордасының абыройын асқақтатып жүрген ізденімпаз педагогтың басты мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, білім сапасын арттыру, өздік танымдық біліктілігін қалыптастыру.

Сонымен қатар мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол адамгершілік, сыйластықты басты құндылық санайды. Ұжыммен тіл табыса білетін, кішіпейіл, қарапайым әрі мәдениетті ұстаз ретінде әріптестерінің құрметіне бөленіп келеді.

Ұжым арасында беделді әріптес қана емес, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде де жемісті еңбек етуде. Ұжымды біріктіру, өзара құрмет пен қолдау атмосферасын қалыптастыру жолындағы еңбегінің нәтижесінде мектепте ынтымақ пен бірлік нығайған. Кәсіподақ қозғалысын дамыту жолындағы табанды еңбегі ескеріліп, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіздің жемісі артып, шығармашылық табыстарыңыз молая берсін!

 

«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности