+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ
Новости территориальных организаций 07 апреля 2026

DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ

DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ

DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ Осы тақырыпта Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы семинар-кеңес өткізді. Маңызды жиынға ұйым аппаратының қызметкерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ «Jan Ahual» психологиялық қолдау…

DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ

🖇️Осы тақырыпта Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы семинар-кеңес өткізді. Маңызды жиынға ұйым аппаратының қызметкерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ «Jan Ahual» психологиялық қолдау орталығының өкілдері қатысты.

📑Семинар-кеңесті облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова ашып, қазіргі кезеңдегі цифрландыру үдерісінің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде биылғы «Цифрландыру және жасанды интеллект жылының» ел дамуының жаңа бағытын айқындайтынын жеткізді.

– Қазіргі кезеңде цифрландыру тек даму бағыты емес, күнделікті қызметтің ажырамас бөлігіне айналды. Жаңа технологиялар басқару жүйесін жетілдіріп қана қоймай, ақпарат алмасу мен шешім қабылдау үдерістерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты кәсіподақ ұйымдары да өз жұмысын заман талабына сай қайта қарап, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану арқылы қызмет сапасын арттыруы тиіс. Бұл, ең алдымен, кәсіподақ мүшелерімен кері байланысты күшейтуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жедел әрі ашық әрекет етуге жол ашады. Алдағы уақытта да біз осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, кәсіподақ қызметін одан әрі жетілдіре береміз, – деді Раушан Серікова.

📃Семинар барысында цифрлық технологияларды кәсіподақ қызметіне енгізу, ақпараттық ашықтықты арттыру және еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды.

☑️Өз кезегінде облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов «Кәсіподақ ұйымдарындағы іс жүргізу, статистикалық есеп. Кеңсе жұмысында жасанды интеллект қолданудың тиімді құралдары мен мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, құжат айналымын цифрландыру мен мен деректерді тиімді пайдалануда цифрлық технологиялардың артықшылықтарын кеңінен баяндады.

📜Ал, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Облыстық ЖИ педагогтар клубының жетекшісі Махаббат Төленғалиева «Кәсіподақ қызметін жетілдіру: ақпараттық жұмыстағы жасанды интеллект» тақырыбында цифрлық платформаларды қолдану арқылы ақпарат тарату тиімділігін арттыру жолдарын ұсынды. Сондай-ақ кәсіподақ жұмысын жетілдіруге қатысты маңызды ақпарат берді.

🧩«Ұлттық құндылықтарды цифрлық ортада дамыту: жасанды интеллект арқылы білім кәсіподағы жүйесін оңтайландыру» тақырыбында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің өкілдері – бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақмарал Жидеқанова мен арнайы пәндер оқытушысы Әлішер Ділмағамбетов өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар ұлттық құндылықтарды заманауи цифрлық кеңістікте насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бағытында арнайы жасанды интеллект бағдарламасын пайдаланып, викториналық сұрақтарды ұсынды. Сондай-ақ бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіру мақсатында Telegram-бот арқылы жұмыс істеудің тиімділігін көрсетті.

✔️Семинар аясында «Jan Ahual» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сеитова «Стресске төтеп беру әдістері. Кәсіби күйзелісті болдырмау жолдары» тақырыбында тренинг өткізіп, қатысушыларға эмоционалдық тұрақтылықты сақтаудың тиімді тәсілдерін ұсынды.

▪️Сонымен қатар, облыстық ұйымның заңгерлері Александр Алипиев пен Нұрлан Жетпісбай «Әлеуметтік әріптестік мәселелері» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, еңбек заңнамасы және ұжымдық шарт аясындағы өзекті сұрақтарға жауап берді.

▫️Семинар-кеңес соңында қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында өзекті мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысында кәсіподақ қызметін цифрлық тұрғыда жетілдіру, жаңа технологияларды кеңінен енгізу және мүшелермен кері байланысты күшейту бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

◽️Аталған семинар кәсіподақ ұйымдарының заманауи бағытта дамуына, цифрлық мәдениетті қалыптастыруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берген маңызды басқосу болды.

DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ
DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ
DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ
DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ
DIGITAL ERA: КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢҒЫРТУ
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности