+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЗДІҢ ДЕЛЕГАТ
Новости территориальных организаций 12 июня 2025

БІЗДІҢ ДЕЛЕГАТ

БІЗДІҢ ДЕЛЕГАТ

БІЗДІҢ ДЕЛЕГАТ ​Темірғалиева Ақсымбат Жасұланқызы – «Болашақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. ​А.Темірғалиева 1998 жылғы 7 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген. Қ.Абаханов атындағы орта мектепте білім алып…

БІЗДІҢ ДЕЛЕГАТ

​Темірғалиева Ақсымбат Жасұланқызы – «Болашақ» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
   ​А.Темірғалиева 1998 жылғы 7 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылында дүниеге келген. Қ.Абаханов атындағы орта мектепте білім алып, 2015 жылы бітірді.  Жастайынан педагогика саласына жақын, мектепте оқып жүргенде өзінің таланттарын көрсете білген оқушы болып қалыптасты. Балалық сезімі мамандық талдауда да алдамапты. Сол жылы Ж.Досмұхамедов (Орал қ.) атындағы педагогикалық колледждің  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша тәрбиешілер дайындайтын  бөліміне оқуға түсті. Аталған оқу орнын  үздік дипломмен тәмамдаған Ақсымбатты өзі өскен Өрлік ауылындағы «Болашақ»  бөбекжай бақшасы құшақ жая қарсы алды. Міне осылай оның еңбек жолы басталды. Еңбектен қол үзбей М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.
    ​Қазіргі таңда осы мекемеде педагог-модератор санатындағы тәрбиеші қызметін атқарады. Өзінің білімін, кәсіби дамуын жетілдіріп жүретін, жаңалыққа кұштар жас маман. Тәрбиеленушілерін  әртүрлі сайыстарға дайындап және үлкен нәтижеге жетіп келеді. Аудандық «Мен зерттеушімін» байқауында тәрбиеленушісі  Ш.Мирам «Тапқыр зерттеуші» номинациясын  иеленді. «Ханталапай» байқауында тәрбиеленушісі Біржан Ержігіт жүлделі II орынды, аудандық «Айгөлек» шығармашылық фестивалінде балабақшаның бишілері  «Хореография» бағамы бойынша жүлделі  II орынды жеңіп алып, ұжымның мерейін өсіргендегі қуанышына сөз жетпейді. Сонымен қатар  «Менің Елім – менің бақытты балалық шағым» тақырыбындағы  облыстық би байқауында Алғыс хатпен марапатталды.
   ​Көппен тіл табыса білетін асыл қасиетінің арқасында Ақсымбат Жасұланқызы қоғамдық қызметтерді де жақсы атқарады. Сөзіміздің куәсі болсын, «Болашақ» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін қоғамдық негізде үлкен абыроймен атқарып келеді. Ұжымдағы ынтымақтастық, басшылықпен бірлесе, мәселелердің оң шешілуіне араласып келеді.Ұжым арасында беделді, білгенін өз қатарластарымен бөлісе білетін, білмегенін үлкендерден сұрай отырып, өз қадесіне пайдалана білетін қазақи қасиеттің иесі де осы Ақсымбат еді.
  ​«Жас келсе іске» дегендей өзінің қызметінде де жақсы жағынан  көрініп келе жатқан маман. Аудандық білім бөлімінің және әдістемелік кабинеттің тараптарынан ұйымдастырылған әр түрлі тақырыптағы байқау сайыстарда, семинарларға қатынасып, тәжірибесімен бөлісіп,  кәсіби шеберлігін дәлелдей отыра бірнеше мәрте Алғыс хаттармен, Құрмет грамотасымен марапатталды.
  Қоғамдық қызметті атқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен таныла білгені үшін «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің және  Индер аудандық комитетінің  «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
   ​«Біз жастармен біргеміз» деген кәсіподақтың девизі болса, бізде Индер ауданының білім саласының 2500-дей кәсіподақ мүшесінің атынан үлкен сеніммен «Болашақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақсымбат Темірғалиева осы жылдың шілде айында өтетін Қазақстан Республиасы Кәсіподақтар Федерациясының  ХХVІІ сьезіне делегат етіп ұсынған болатынбыз, ұсынысымыз қолдау тапты.  
​Сьезд делегаты  Ақсымбат Жасұланқызына бұл форумда белсене қатынасып, ұсыныстарды жеткізеді деген тілектеміз,  алдағы қызметіне сәттілік серік болсын деп ақ жол тілейміз.
 
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности