+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН
Новости территориальных организаций 28 апреля 2025

БІРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН

БІРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН

БІРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен мазмұнды шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастама ел ішіндегі ынтымақ пен татулықты насихаттаумен қатар, қарапайым…

БІРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІ ҰЛЫҚТАҒАН КҮН

🔆 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен мазмұнды шара ұйымдастырылды. Бұл игі бастама ел ішіндегі ынтымақ пен татулықты насихаттаумен қатар, қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалауға бағытталды.

✅Аталған шараға аудан бойынша білім беру ұйымдарында қызмет ететін 60-қа жуық кіші қызметкер қатысты. Олар – білім ордаларының тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, мекеменің тыныс-тіршілігінде ерекше рөл атқарып жүрген жандар. Осы жолы олардың еңбегі назардан тыс қалмай, аудандық кәсіподақ ұйымының атынан арнайы марапаттарға ие болды. Әр қызметкерге кәсіподақ тарапынан сыйақы сертификаттары табысталып, ризашылық білдірілді.

✳️Шара барысында Темір аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Сәбенова сөз сөйлеп, қызметкерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде:

– Бүгінгі мереке – еліміздегі бейбітшілік пен келісімді, көпұлтты халқымыздың достығын айшықтайтын күн. Осы орайда, білім беру саласында аянбай тер төгіп жүрген сіздерге алғыс білдіреміз. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз арқылы білім ордалары таза, тәртіпті әрі жайлы күйде қызмет етіп келеді. Бұл марапат – сіздерге деген шынайы алғысымыздың бір белгісі, – деді.

❇️Шара соңында қатысушылар бір-бірімен жылы лебіздер алмасып, мерекелік көңіл-күймен тарқасты. Мұндай құрмет көрсетулер ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, еңбек адамының мәртебесін көтерері анық.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности