+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ
Новости территориальных организаций 26 июня 2025

БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ ​25 маусым күні Абай атындағы оқушылар орталығында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мерейтойына арналған «БІЛІМ, ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯ: 50 жылдық жетістіктер мен болашаққа көзқарас» атты…

БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

​25 маусым күні Абай атындағы оқушылар орталығында «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мерейтойына арналған «БІЛІМ, ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯ: 50 жылдық жетістіктер мен болашаққа көзқарас» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

​Шараның мақсаты: Кәсіби білім беру саласындағы озық тәжірибелерді талқылау және бөлісу, инновациялық шешімдерді енгізу арқылы колледждің 50 жылдық жетістіктерін атап өту. 
Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау және болашақ дамудың жаңа бағыттарын айқындау.
​
Жиын барысында шеберлік сыныптары, секциялық жұмыстар, мерекелік жиындар, сондай-ақ, ардагер ұстаздар, үздік оқытушылар мен студенттерді марапаттау рәсімі өтті.
​
Заман талабына сай колледжі тек отандық қана емес, шетелдік серіктестермен де тығыз байланыс орнатып келеді. Колледждің халықаралық деңгейде жұмыс жасап, өзге елдермен – Қытай, Франция, Грузия, Ресей секілді мемлекеттермен – ынтымақтастық орнатуда.
​
Салтанатты жиналыстың ашылу рәсімінде барша ардагерлер мен оқытушы құрамды колледж директоры Тұхфатолла Жұмағазиев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева және онлайн арқылы Ставраполь өлкесіндегі, Қытай Халық Республикасындағы әріптестері құттықтады.

​Құттықтау сөзге қатысқан «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы бір топ ардагерлер, ұстаздар және қызметшілерге «Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің «Кәсіподақ ардагері», «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» төсбелгілерін, «Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің «Құрмет грамотасы», Алғыс хаттарын және «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Құрмет грамотасы», Алғыс хаттарын және облыстық ардагерлер кеңесінің «Тәлімгер» «Хиуаз Доспанова» медальдарін табыс етті.

​Білім ұясының елу жылдық қарышты қадамы туралы республикалық салалық кәсіподақтардың басылымы «Ustazdyq enbek»  газетінің 25 маусым № 12 (201) санында толығырақ материалдар берілді.

​Мерейтойға арналған салтанатты шара соңы колледжі көркемөнерпаздарының әсем концертіне ұласты.

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі

БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ
БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности