+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ
Новости территориальных организаций 14 апреля 2026

БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ

БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ

БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ ✅Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында екені анық. Осы қағиданы басты бағдар еткен Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы  Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі  бүгінгі таңда сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өзіндік орны қалыптасқан білім…

БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ

✅Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында екені анық. Осы қағиданы басты бағдар еткен Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы  Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі  бүгінгі таңда сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өзіндік орны қалыптасқан білім ордасы. Мектеп ұжымы 2024–2025 оқу жылында дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіп, бірқатар жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

▪️Мектептің басты мақтанышы – оның ізденімпаз, алғыр шәкірттері. Биылғы оқу жылында олар аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен олимпиадаларда табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушылары тек білім сайыстарында ғана емес, ғылыми-зерттеу және шығармашылық бағытта да белсенділік танытып келеді. Оқушылар «Әнші балапан-2024», «Жарқын болашақ», «Президенттік олимпиада», «Мың бала» сынды түрлі байқауларда да топ жарып, мектеп абыройын асқақтатуда. Облыстық деңгейде үздік атанған оқушылар мен олардың жетекшілерінің аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталуы – ұстаздар еңбегінің жемісі. 

🔆Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің жетістіктері ең алдымен, ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырған мұғалімдер өз ісіне деген жауапкершілігімен, кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп келеді. Әсіресе, кәсіподақ мүшелері білім саласындағы бастамаларға белсене қатысып, әріптестік бірлікті нығайтуға және ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Олар тек оқу үдерісінде ғана емес, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып, мектептің дамуына серпін беріп келеді.

🔸Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, дарынды ұрпақ қалыптастыру жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан білім ордасы. Алдағы уақытта да бұл игі дәстүр жалғасын тауып, мектеп мерейі арта берері сөзсіз.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ
БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ
БІЛІМ МЕН ДАРЫН ОРДАСЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности