+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ - ЖАС МҰҒАЛІМДЕР
Новости территориальных организаций 15 февраля 2026

БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ - ЖАС МҰҒАЛІМДЕР

БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ - ЖАС МҰҒАЛІМДЕР

БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ - ЖАС МҰҒАЛІМДЕР Ақтөбе облысының Ойыл және Қобда аудандарында білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен еңбек өтілі бес жылға дейінгі жас педагогтарға арналған республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық…

БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ - ЖАС МҰҒАЛІМДЕР

☑️Ақтөбе облысының Ойыл және Қобда аудандарында білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен еңбек өтілі бес жылға дейінгі жас педагогтарға арналған республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңдері өткізілді. Аталған білім бәйгесінің мақсаты — жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау және олардың білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді көзқарасын қалыптастыру.

📃Қобда ауданында өткен олимпиадада жас ұстаздар өздерінің теориялық білімдері мен әдістемелік дайындығын жан-жақты көрсетті. Қатысушылар ашық сабақтар өткізіп, авторлық жобаларын қорғап, педагогикалық жағдаяттарды шешу арқылы кәсіби біліктіліктерін дәлелдеді. Байқау барысында олардың заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануы, оқушылармен жұмыс жүргізудегі жаңашылдығы мен шығармашылық ізденісі әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды. Қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйақылармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

🗞️Ал Ойыл ауданында ұйымдастырылған олимпиада да мазмұнды әрі тартысты өтті. Жас педагогтар түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, пәндік білімдерін, педагогикалық шеберліктерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау оларға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар ұсынуға және кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік берді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности