+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЛІКТІ МАМАН
Новости территориальных организаций 24 ноября 2025

БІЛІКТІ МАМАН

БІЛІКТІ МАМАН

БІЛІКТІ МАМАН Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, кәсіподақ мүшесі Барикова Гүлжаз Советқызы – саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне, педагогтардың кәсіби дамуына арнап келе жатқан білікті маман. Гүлжаз Барикова ерте жастан педагогика…

БІЛІКТІ МАМАН

📎Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, кәсіподақ мүшесі Барикова Гүлжаз Советқызы – саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне, педагогтардың кәсіби дамуына арнап келе жатқан білікті маман. Гүлжаз Барикова ерте жастан педагогика саласына қызығушылық танытып, өз өмірлік жолын осы бағытқа арнауды мақсат етті.

✔️ Гүлжаз Барикованың жалпы еңбек өтілі — 36 жыл. Оның он жеті жылы Хромтау аудандық білім бөлімімен тығыз байланысты. 2008 жылдан бастап әдіскер болып қызмет атқарған ол 2019 жылы әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы кезеңдер ішінде ол аудан педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыруға, білім сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жүйелі жұмыстарды жүзеге асырды.

▪️Жұмысындағы ұқыптылық, талапшылдық, әділдік, шығармашылық көзқарас пен жылдам шешім қабылдау қабілеті – оның кәсіби болмысының айқын көрінісі. Ұжымда беделді, әріптестеріне қолдау көрсете білетін, мәдениеті жоғары маман ретінде танылған ол білім саласындағы жаңалықтарды үнемі зерделеп, оны тәжірибеге енгізуге ұмтылып отырады.

🖇️Адал еңбек пен табанды ізденіс ешқашан елеусіз қалмайды. Гүлжаз Барикова да өзінің жемісті жұмысының нәтижесінде көптеген марапаттарға ие болды. 2023 жылы Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хатымен марапатталды. 2024 жылы Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты, «Өрлеу» кәсіби даму институтының Алғыс хаты мен «Ақтөбе–Дарын» орталығының Құрмет грамотасын иеленді. 2025 жылы Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған төсбелгі және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды. Бұл марапаттар – оның қоғамға сіңірген еңбегінің, кәсіби шеберлігінің, адалдығы мен талабын танытатын айқын дәлел.

📂 Гүлжаз Барикованың бойындағы адамгершілік, қарапайымдылық, шәкірт пен ұстазға деген шынайы қамқорлық, өз ісіне деген риясыз қызмет – оны ерекше құрметке лайық тұлға етеді.

📝Ұрпақ тәрбиесі жолындағы қажырлы еңбегі мен ізгілікті істері жалғасын тауып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности