+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЛІКТІ ДЕФЕКТОЛОГ, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

БІЛІКТІ ДЕФЕКТОЛОГ, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

БІЛІКТІ ДЕФЕКТОЛОГ, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

БІЛІКТІ ДЕФЕКТОЛОГ, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ Бүркітбай Ақмаржан Төлегенқызы 2019 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Дефектология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2020 жылдың ақпан айында бастап, қазіргі таңда №31 мектеп-гимназиясында дефектолог-мұғалім…

БІЛІКТІ ДЕФЕКТОЛОГ, ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ

Бүркітбай Ақмаржан Төлегенқызы 2019 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Дефектология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2020 жылдың ақпан айында бастап, қазіргі таңда №31 мектеп-гимназиясында дефектолог-мұғалім қызметін абыроймен атқарып келеді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс – бүгінгі қоғамдағы аса маңызды әрі өзекті бағыттардың бірі. Балаларға сапалы білім мен түзете-дамыту көмегін көрсету олардың әлеуметтенуіне, өз қабілеттерін ашуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Осы жауапты міндетті жүзеге асыруда Ақмаржан Төлегенқызы кәсіби шеберлігімен, жаңашылдығымен және балаларға деген ерекше жанашырлығымен ерекшеленеді.

Үздіксіз ізденіс пен тұрақты өзін-өзі дамыту нәтижесінде ол қысқа уақыт ішінде облыстық және республикалық деңгейдегі көптеген кәсіби байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

🏆 «Үздік дефектолог мұғалімі – 2023» облыстық байқауы – І орын

🏆 «Үздік авторлық бағдарлама – 2024» аудандық байқауы – І орын

🏆 «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2024» республикалық байқауы – ІІ орын

Ақмаржан Төлегенқызының шәкірттері де облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді:

🏆 «Жұлдызай» облыстық шығармашылық фестивалі – би номинациясы бойынша - ІІ орын

🏆 «Менің қолымнан бәрі де келеді – 2025» республикалық байқауы – ІІ орын

📜 Әртүрлі республикалық және облыстық шығармашылық, өнер, спорт және инклюзивті бағыттағы байқауларда жүлделі орындар мен Алғыс хаттарға ие болды.

Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Жұлдызай», «Менің қолымнан бәрі де келеді», «Шексіз талант», «Біз біргеміз», «Бала жүрегі» секілді республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосып келеді.

Қазіргі таңда Ақмаржан Төлегенқызы Жалағаш аудандық дефектологтар қауымдастығының жетекшісі. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі түрлі жобалардың спикері ретінде тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуде.

Ақмаржан Төлегенқызы кәсіби тәжірибесін жетілдірумен қатар, жас мамандарды қолдау бағытында да белсенді жұмыс атқарады. Ол жыл сайын Қызылорда облыстық оқу орталығының «Арнайы және инклюзивті білім беру» бөлімі ұйымдастыратын «Жас дефектолог мектебі» жобасының белсенді қатысушысы әрі спикері ретінде тәжірибесімен бөлісіп келеді. Аталған жоба жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, әдістемелік қолдау көрсетуге және дефектология саласындағы озық тәжірибелерді таратуға бағытталған. Ақмаржан Төлегенқызы өз тәжірибесімен бөлісу арқылы жас дефектологтардың кәсіби қалыптасуына елеулі үлес қосып келеді.

Бүркітбай Ақмаржан Төлегенқызы – үздіксіз ізденіс пен өзін-өзі дамыту арқылы кәсіби биіктерді бағындырған, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына және қоғамға бейімделуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген білікті дефектолог, тәжірибелі ұстаз. Оның жетістіктері мен еңбегі жас мамандарға үлгі болып, білім саласының дамуына өз үлесін қоса бермек.

 

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности