+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ
Новости территориальных организаций 25 декабря 2025

БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ

БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ

БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Біріккен комитеті филиалының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті ІІІ Пленум отырысы өтті. Алқалы жиынды филиал төрағасы Жанболат Орынбеков ашып, жүргізіп…

БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Біріккен комитеті филиалының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті ІІІ Пленум отырысы өтті. Алқалы жиынды филиал төрағасы Жанболат Орынбеков ашып, жүргізіп отырды.

Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауына байланысты Ұжымдық шартпен білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандық иелеріне белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктерге ерекше басымдық берілгенін айтып, ұсынылған жеңілдіктер мен кепілдіктердің жұмысшы мамандардың әл-ауқатын арттыруға, олардың кәсіби өсуіне және біліктілігін арттыруына ықпал ететінін жеткізді.

Жарыссөз барысында облыстық білім басқармасының «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының директоры Салтанат Құрманова әлеуметтік әріптестік аясындағы жұмыстары кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқанын айтса, Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ жетекшісі Гүлбану Бейсенова кәсіподақ ұйымдары тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ал құқықтық мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы ұйымының құқықтық инспекторы Абзал Сейтқадыр есепті баяндама жасады.

Пленум мүшелері өзіне берілген құзырет аясында 2025 жылғы Бақылау-тексеру комиссиясының есебін тыңдап, 2026 жылға арналған қаржылық кіріс-шығыс сметасын бекітті. Жиында қабылданған Қаулыға сәйкес алдағы уақытта еңбек адамына қатысты құқықтық қызметтің тиімділігін арттыру, еңбек қорғау мен қауіпсіздік талаптарын күшейту, сондай-ақ оңтайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған қоғамдық бақылауды күшейту міндеттері белгіленді.

Жиын соңында сөз алған Жергілікті кәсіподақ ұйымы аппаратының басшысы Бейбіт Бекназаров еңбек адамдарының әлеуметтік қорғалуы кәсіподақ жұмысының басты бағыты екенін атап өтіп, филиалдың жұмысына оң баға берді.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ
БАСТЫ НАЗАРДА – ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОРҒАУ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности