+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК
Новости территориальных организаций 23 ноября 2025

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК Ұйымшылдығымен, бірлігі мен белсенділігімен ерекшеленетін үлгілі ұжым – Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Кентау Оқушылар үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымы. Өзара түсіністік пен ауызбіршілікті…

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК

Ұйымшылдығымен, бірлігі мен белсенділігімен ерекшеленетін үлгілі ұжым – Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты Кентау Оқушылар үйінің бастауыш кәсіподақ ұйымы.

Өзара түсіністік пен ауызбіршілікті басты орынға қойған бұл ортада әрбір ұстаздың еңбегі, қажыр-қайраты және еңбексүйгіштігі айқын көрініс тауып отыр. Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұстаздар мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына, кәсіби дамуына үнемі назар аударып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға барлық мүмкіндіктерді жасауда. Осындай қолдаудың арқасында ұжымда сенім, сыйластық және ынтымақтастық рухы қалыптасып, мекеме жұмысын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етіп келеді.

Мекемеде түрлі бағыттағы көптеген үйірмелер тұрақты түрде жұмыс істеп, балалардың әр саладағы таланты мен дарынын шыңдауға үлкен жағдай жасалуда. Би, өнер, музыка, қолөнер, спорт, ғылым және шығармашылық бағыттарында ашылған үйірмелер өскелең ұрпақтың білімін тереңдетуге, тұлғалық дамуына зор үлес қосуда.

Осы еңбек пен ізденістің нәтижесінде Кентау Оқушылар үйінің ұстаздары мен тәрбиеленушілері қала, облыс, республика көлеміндегі байқаулардан жүлделі орындар алып, мекеме абыройын асқақтатуда. Бұл жеңістер – ұстаздардың жоғары кәсібилігі мен талмай еңбектенуінің, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының жүйелі қолдауы мен бағыт-бағдарының жемісі.

Жақында Кентау Оқушылар үйінің ұстаздары мен оқушылары бірлесе отырып, балаларға ерекше қуаныш сыйлаған көркем іс-шара ұйымдастырды. Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Алладиннің сиқырлы шамы» атты ертегі қазақ және орыс тілдерінде сахналанып, көрермендерге әсерлі, әсем қойылым ұсынылды. Балаларға арналған бұл мереке тек көңіл көтеріп қана қоймай, олардың рухани әлемін байыта түсті. Мұндай ауқымды шығармашылық шаралар оқушылардың театр өнеріне қызығушылығын арттырып, өз-өзін дамытуға деген ынтасын күшейтеді. Сонымен қатар, ұстаздар мен балалардың ортақ еңбегі ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығының нақты дәлеліне айналды.

Сахнаға шыққан әрбір ұстаз бен оқушы өз кейіпкерін үлкен сүйіспеншілікпен, асқан жауапкершілікпен сомдап, көрерменге шынайы өнер сыйлады. Ұстаздар өздерінің бойындағы дарындарын, тәжірибесін, күш-жігерін жұмсай отырып, балаларды шығармашылыққа баулып қана қоймай, өнердің құдіретін сезіндіре білді. Осындай ұйымшылдық пен кәсібилік – бастауыш кәсіподақ ұйымының береке-бірлігінің, жетекшілік қолдауы мен ұжымдық татулығының нәтижесі. Кентау Оқушылар үйінің ұжымы алда да тың серпінмен жұмысын жалғастырып, жаңа белестерді бағындырып, жас ұрпаққа шабыт пен сенім сыйлай беретіні сөзсіз!

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК
БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – БАСТЫ ТІРЕК
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности