+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН …
Новости территориальных организаций 14 апреля 2026

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР 2026 жылдың 14 сәуірінде «№37 орта көпбейінді мектебі» КММ базасында Өскемен қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларына арналған маңызды семинар өтті. Талқылаудың негізгі…

БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

2026 жылдың 14 сәуірінде «№37 орта көпбейінді мектебі» КММ базасында Өскемен қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларына арналған маңызды семинар өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы: «ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мен Өскемен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің және жазғы кезеңдегі еңбек демалыстарын реттеудегі ұжымдық шарттардың рөлі» болды.

Семинар спикері ретінде филиал төрағасы Александр Александрович Кузнецов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында ұжымдық шарттың педагогтардың құқықтық қорғалуының негізі екенін, әсіресе кезекті және қосымша ақылы демалыстар беру мәселесінде оның маңызы зор екенін атап өтті.

Семинар барысында келесі бағыттар егжей-тегжейлі талқыланды:

  • Құқықтық кепілдіктер: қызметкерлердің құқықтарын жалпы еңбек заңнамасына қарағанда кеңейте түсетін әлеуметтік әріптестік туралы Келісім ережелерін іске асыру тетіктерін түсіндірді.

  • Жазғы кезең және демалыс кестелері: Демалыс кестелерін бекіту процедурасына, хабарлау мерзімдерінің сақталуына және сауықтыру жәрдемақыларының дер кезінде төленуіне ерекше көңіл бөлінді.

  • Қосымша ақылы демалыстар: Нақты білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттарында қарастырылған ерекше еңбек жағдайлары, еңбек өтілі және басқа да жетістіктері үшін берілетін қосымша демалыс күндерінің тәртібі туралы нақты түсініктемелер берілді.

Семинар белсенді диалог түрінде өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өз ұжымдарындағы нақты жағдайларды талқылап, ҚР Еңбек заңнамасын қолданудың күрделі мәселелері бойынша білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға семинар тақырыбына қатысты әдістемелік ұсынымдар жолданды.

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

 

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности