+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БАЛҒЫН ШАҚТЫҢ БАҒБАНЫ
Новости территориальных организаций 12 июня 2026

БАЛҒЫН ШАҚТЫҢ БАҒБАНЫ

БАЛҒЫН ШАҚТЫҢ БАҒБАНЫ

БАЛҒЫН ШАҚТЫҢ БАҒБАНЫ Қоғамның ең асыл қазынасы адам болса, сол адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты күш - тәрбие. Ал жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін себетін мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке лайық. Осындай өз…

БАЛҒЫН ШАҚТЫҢ БАҒБАНЫ

Қоғамның ең асыл қазынасы адам болса, сол адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін басты күш - тәрбие. Ал жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін себетін мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке лайық. Осындай өз ісіне адал, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған білікті педагогтардың бірі - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гүлжан Мейрамбекқызы Оспанова.

Гүлжан Мейрамбекқызы 1976 жылдың 5 маусымында Жамбыл облысы, Талас ауданының Ақкөл ауылында дүниеге келген. Болашақ мамандығын ерте таңдаған ол 1991-1995 жылдары Абай атындағы педагогикалық училищеде білім алып, ұстаздық жолға алғашқы қадамын жасады. Кейін кәсіби білімін жетілдіру мақсатында 2001-2004 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары білім алды. Бүгінде «педагог-сарапшы» санатындағы тәжірибелі маман ретінде мектепке дейінгі білім беру саласында табысты еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі 23 жылды құрайтын тәрбиеші өз жұмысында кәсібилік пен жауапкершілікті басты қағида ретінде ұстанады.

Мектепке дейінгі тәрбие баланың болашақ тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы жауапты міндетті терең түсінетін Гүлжан Мейрамбекқызы әр тәрбиеленушінің бойындағы қабілетті ашуға, олардың танымдық белсенділігін арттыруға және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге ерекше мән береді. Ол бүлдіршіндерге мейірім мен қамқорлық танытып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятуға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді.

Көпжылдық тәжірибесінің арқасында әріптестері арасында беделді маман ретінде танылып, ата-аналардың сеніміне ие болды. Сабырлылығы, іскерлігі мен жауапкершілігі оны ұжымдағы сыйлы қызметкерлердің қатарына қосып отыр. Сонымен қатар жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби тәжірибесімен бөлісу арқылы олардың шығармашылық және кәсіби тұрғыдан дамуына қолдау көрсетуде.

Гүлжан Мейрамбекқызы тек білікті педагог қана емес, өнегелі отбасының ұйытқысы. Ол отбасында үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде екі немеренің сүйікті әжесі атанып отыр. Ұрпағына ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті қатар алып жүрген ардақты ана.

Өз ісіне адалдық пен еңбекқорлықты өмірлік ұстанымына айналдырған Гүлжан Мейрамбекқызының еңбек жолы кейінгі буынға үлгі болатын тағылымды жол. Осындай еңбек адамдарының қажырлы қызметі арқылы жас ұрпақ сапалы тәрбие алып, ел болашағының берік негізі қалануда.

 

Жамбыл облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности