+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРД…
Новости территориальных организаций 09 июля 2025

ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРДА БОЛДЫ

ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРДА БОЛДЫ

ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРДА БОЛДЫ Жаз – демалыс, сауығу және рухани серпіліс мезгілі. Осыны ескерген Ақтөбенің Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы өз мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды әрі пайдалы өткізуіне жан-жақты қолдау көрсетті…

ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРДА БОЛДЫ

☘️Жаз – демалыс, сауығу және рухани серпіліс мезгілі. Осыны ескерген Ақтөбенің Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы өз мүшелерінің жазғы демалысын мазмұнды әрі пайдалы өткізуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Ұйымдастыру нәтижесінде ауданнан 120-ға жуық кәсіподақ мүшесі еліміздің тарихи әрі шипалы өңірлеріне сапарлап, жағымды әсерлермен оралды.

🍃Білім қызметкерлерінің бір тобы еліміздің рухани орталығы саналатын Түркістан қаласына және табиғаты көз тартар Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа барды. Түркістанда олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Ұлы дала елі орталығы, жаңа әкімшілік нысандар мен тарихи-мәдени кешендермен танысып, рухани дүниесін байытты. Ал Бурабайда табиғатпен үндестік тауып, демалыс пен тынығудың ерекше үлгісін сезінді. Мұндай сапарлар ұстаздар қауымына тек демалып қайтуға ғана емес, ұлттық тарихқа терең бойлап, жас ұрпаққа жеткізер білім қорын байытуға да мүмкіндік берді.

🪾Кәсіподақ мүшелерінің екінші бір бөлігі Ақтөбе, Сарыағаш және Тараз өңірлеріндегі танымал шипажайларда болып, емдік-сауықтыру шараларынан өтті. Бұл демалыс түрі педагогтардың денсаулығын нығайтуға, жұмысқа тың серпінмен оралуына оң ықпал етті. Судың, ауаның, табиғи ресурстардың емдік қасиеттері ұстаздар үшін ерекше демалыс пен саулық сыйлады.

🏋🏻‍♂️Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан ұстаздарға спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасалып, облыс орталығындағы фитнес клубтарға бару мүмкіндігі ұсынылды. Бұл бастама мұғалімдердің физикалық белсенділігін арттырып, күнделікті күйбең тіршіліктен арылып, өзін-өзі дамытуға бағытталған.

🌿Кәсіподақ ұйымының мұндай жүйелі жұмысы – білім саласы қызметкерлеріне жасалған нақты қамқорлық пен қолдаудың көрінісі. Жыл бойы қажырлы еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздар үшін мұндай демалыс түрлері үлкен маңызға ие.

✨Кәсіподақ мүшелері өз ризашылықтарын білдіре отырып, бұл бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімде. Жазғы демалысты мазмұнды өткізген педагогтар білім беру сапасын арттыру жолында аянбай еңбек ете бермек...

ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРДА БОЛДЫ
ӘЙТЕКЕ БИ ҰСТАЗДАРЫ ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ШИПАЖАЙЛАРДА БОЛДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности