+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТА…
Новости территориальных организаций 12 февраля 2026

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында әйелдердің еңбек құқықтарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің, еңбекті қорғау органдары мен кәсіподақтардың рөліне арналған…

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында әйелдердің еңбек құқықтарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің, еңбекті қорғау органдары мен кәсіподақтардың рөліне арналған «TALQYLAU» диалог алаңы өтті. Алаң модераторы ШҚО әйелдер қанатының жетекшісі Зарина Камасова болды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың, «AMANAT» әйелдер қанатының және еңбекті қорғау жөніндегі мамандардың өкілдері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституцияның ережелерін талқылап, реформаларды қолдайтындарын білдірді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілі Қуаныш Ерғазинов Еңбек кодексінің әйелдер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, кемсітушілікке жол бермеу және жұмыс берушілердің тең құқықтары мен міндеттері туралы нормаларын түсіндірді.

«Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілі Айжан Игасанова кәсіподақтардың әйелдер құқығын қорғаудағы рөліне, гендерлік саясат жөніндегі облыстық Келісімге және «Еңбек» депутаттық тобының жұмысына тоқталды.

Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілі Анар Конакбаева білім беру саласындағы әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты атап өтті. Әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер беру мәселелеріне, оның ішінде жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау шараларына және еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның қызметіне назар аударды.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Шығыстүстімет» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» ШЖҚ КМК сияқты ірі кәсіпорындардың еңбекті қорғау жөніндегі инспекторлары өндірістегі әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен және жарақаттанудың алдын алу шараларымен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Кәсіподақтар үйінің алаңында «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты өкілдерінің облыстың салалық және жергілікті кәсіподақтар ұйымдарымен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, бірлескен қызметті үйлестіру және еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек саласындағы әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шараларды әзірлеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, кәсіподақтар мен «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты арасындағы ынтымақтастықты арттыру арқылы әйелдердің еңбек жағдайларын жақсартуға және олардың құқықтарын тиімді қорғауға баса назар аударылады.

Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы

#ШҚОбілімкәсіподағы

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚТАРДЫҢ РӨЛІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности