+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
Новости территориальных организаций 08 декабря 2025

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданы білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Жастарды еңбекке бейімдеу: мектеп пен ата-ана, әлеуметтік серіктестік рөлі» тақырыбындағы аудандық…

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданы білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Жастарды еңбекке бейімдеу: мектеп пен ата-ана, әлеуметтік серіктестік рөлі» тақырыбындағы аудандық тәжірибелік семинар жоғары деңгейде өткізілді.

Бұл семинар 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысы ретінде ерекше маңызға ие болды.

Семинардың мақсаты: Жастарды еңбекке баулу, кәсіпке бағыттау ісінде мектеп - ата-ана - әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту, тиімді еңбек дағдыларын қалыптастырудағы озық тәжірибелерді тарату және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

Семинар барысында қатысушылар бір мезетте бірнеше бағытта өткен шебер-сыныптар, ашық сабақтар, ЖИ көмегімен комикс және мультфильм жасау байқауы, 3D модельдеу, медицина, тігін, аспаз, металл өңдеу, ағаш өңдеу бейіндері бойынша дайындалған тәжірибелік жұмыстармен танысты.

Педагогтар сабақтарында жасанды интеллектіні тиімді пайдаланып, оқушылардың шығармашылығын дамытудың жаңа әдістерін көрсетті.

Оқушылар Tailornova, Planner5D, 3D Builder, Mansap Compasy сияқты цифрлық платформаларда кәсіби дағдыларын шыңдады. Ал «Smart Еңбек - жасанды интеллект арқылы жасалған комикс пен мультфильм», «Әлемді жасайтын қолдар» сурет байқауы және автодромда өткен «Үздік жас жүргізуші» және «Үздік жас механизатор» байқаулары өткізілді.

Семинарға қатысқан мектептердің бейіндік оқыту бойынша директор орынбасарлары, кәсіптік бағдар беру педагогтері мен көркем еңбек пәнінің мұғалімдері ұйымдастырылған шараның мазмұндылығы мен тиімділігін ерекше атап өтті. Мұғалімдердің жаңашыл көзқарасы, ЖИ технологияларын еркін қолдануы, оқушылардың белсенділігі жоғары болғанын жеткізді.

Семинарға арнайы шақырылған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымына мүше «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гүлнара Тілеубердиева қатысып, «Мобилография", «SMM менеджері»мамандықтары бойынша өткен байқауға қазылық етті. Байқау «Смарт еңбек – жасанды интеллект арқылы анимация мен комикс жасау» тақырыбында ұйымдастырылып, 9–10 сынып оқушылары екі бағыт бойынша бақ сынады. Байқауды педагог Сағат Қазбек жүргізді.

Семинар Жұмысшы мамандықтар жылының нақты нәтижесін көрсеткен маңызды алаң болды. Жастарды еңбекке бейімдеу бағытындағы ортақ жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности