+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛ…
Новости территориальных организаций 17 декабря 2025

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова жастарымен кездесті. Маңызды жиынға Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев, Ақтөбе облысы…

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

📋Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова жастарымен кездесті. Маңызды жиынға Салалық кәсіподақтың Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев, Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының келешек Жастар кеңесінің төрағасы Адина Аққағаз, аудандық кәсіподақ ұйымдары жанынан құрылған Жастар кеңестерінің төрағалары, жоғары оқу орындарының, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің және облыстық мектептердің жас мамандары қатысты.

📚Кездесу барысында облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова облыстық кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталып, жастарға көрсетіліп отырған қолдау шараларын ерекше атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақтың жастар саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен алдағы мақсаттар туралы баяндады. Жиында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

📋Жиынға қатысқан Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы ұйымының Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев кәсіподақ жүйесіндегі жастарға берілетін мүмкіндіктер, олардың кәсіби және қоғамдық тұрғыда дамуына жасалып отырған жағдайлар туралы айтты.

🖇️Кездесу барысында жастар да сөз алып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Олар кәсіподақ жұмысына белсенді араласу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өңірлік деңгейде тәжірибе алмасу мәселелерін көтерді.

📄Өз кезегінде Мұғалжар және Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағалары ауданда өткізілген іс-шаралар туралы баяндап, жастардың бастамаларын қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

🧩Жиын соңында дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы Жастар кеңесінің төрағасы болып Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ерасыл Әжбенов сайланды.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП,МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности