+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
Новости территориальных организаций 15 февраля 2026

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында ұзақ жылдар бойы білім саласында табысты еңбек етіп, 2014–2026 жылдары Ақшұқыр мектеп-лицейін басқарған Қаламқас Қалиқызының құрметті зейнет демалысына шығуына арналған «Жүректе тұрар жалқы үнің…» атты салтанатты…

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында ұзақ жылдар бойы білім саласында табысты еңбек етіп, 2014–2026 жылдары Ақшұқыр мектеп-лицейін басқарған Қаламқас Қалиқызының құрметті зейнет демалысына шығуына арналған «Жүректе тұрар жалқы үнің…» атты салтанатты кеш өтті.

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Газимова, Түпқараған ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, сондай-ақ ардагер ұстаздар, әріптестері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев құттықтау сөз сөйлеп, аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбаевтың арнайы лебізін жеткізіп, ықылас гүлін табыстады. Жиын барысында Қаламқас Қалиқызының өңірдегі білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі мен нәтижелі басқарушылық қызметі ерекше аталып өтті.

Салтанатты кеште мектеп ұжымы мен шәкірттері алғыс білдіріп, арнау өлеңдер оқыды. Ән шырқалып, ұстаздың еңбек жолын баяндайтын деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Қаламқас Қалиқызы жетекшілік еткен жылдары Ақшұқыр мектеп-лицейі бес рет республикалық «Үздік олимпиадалық ауыл мектебі» және екі мәрте облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» атағын иеленді. Білім ордасынан «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері мен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болған мұғалімдер шықты.

Сонымен қатар жеті мектеп директоры тәрбиеленіп, республикалық және халықаралық байқауларда топ жарған білікті педагогтар қалыптасты.

Шара барысында Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы атынан Алғыс хат және жазғы сауықтыру шипажайына жолдама табысталды.

Іс-шара соңында мектеп ұжымы Қаламқас Қалиқызына алғыс айтып, ұзақ жылғы еңбегіне құрмет көрсетіп, алдағы өміріне толағай табыс тіледі.

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы

АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности