+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ
Новости территориальных организаций 30 ноября 2025

АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы – 2025» республикалық байқауында…

АҚТӨБЕЛІК ҰСТАЗ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

📚Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы – 2025» республикалық байқауында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің информатика пәні мұғалімі Шаханова Нұргүл Абдулхамитқызы «Арнайы мектептің үздік педагогы» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.

✅Бұл марапат – ұстаздың ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстағы жоғары кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігінің айқын дәлелі.

📃Шаханова Нұргүл Абдулхамитқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетін «Информатика және дефектология» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби жолын білім беру саласына арнады.

📑Саналы ғұмырын ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық қабілетін дамытуға арнап келе жатқан педагогтың жалпы еңбек өтілі — 28 жыл.

📝Ұстаз шәкірттерінің цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды меңгерту, оқу процесіне инновациялық әдістер енгізу бағытында үлкен еңбек сіңіріп келеді. Нұргүл Шаханованың кәсіби біліктілігі, әдістемелік шеберлігі мен педагогикалық жаңашылдығы республикалық деңгейде жоғары бағаланды.

💫Құрметті Нұргүл Абдулхамитқызы!

Жетістігіңіз құтты болсын!

Сізге шығармашылық шабыт, кәсіби жолыңызда толағай табыстар, жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности