+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Новости 29 марта 2026

АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен кездесу өтті. Аталған іс-шара Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде…

АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

🖇️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмен кездесу өтті. Аталған іс-шара Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде ұйымдастырылып, білім беру мен кәсіподақ қозғалысының өзара байланысын нығайтуға бағытталды.

▪️Кездесу аясында кәсіподақ өкілдері колледжде ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалады. Көрмеде жас оқытушылар мен білім алушылардың заманауи талаптарға сай әзірлеген жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект (AI), ақпараттық технологиялар (IT), виртуалды шынайылық (VR) бағыттарындағы тың бастамалар мен Smart City тұжырымдамасы негізіндегі инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жұмыстар жастардың шығармашылық әлеуеті мен техникалық мүмкіндіктерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Сонымен қатар көрмеде кәсіподақтық оқыту мен ұлттық ойындарды интеграциялауға бағытталған жобалар да таныстырылды.

📃 Кездесуде Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Раушан Серікова облыстық ұйымның қызметі, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары — әлеуметтік әріптестікті дамыту, құқықтық қорғау, ұйымдастырушылық құрылым, қоғамдық жұмыстар, кәсіподақтық оқыту, емдеу-сауықтыру шаралары, туристік бағдарламалар, қайырымдылық көмектер, цифрлық платформаларды енгізу және мүшелермен тиімді кері байланыс орнату мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды.

📜Өз кезегінде Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин республика көлемінде кәсіподақтар тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ ол Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің қызметіне жоғары баға беріп, оқу орнында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобаларға, әсіресе жасанды интеллект бағытына ерекше қызығушылық танытты. Федерация тарапынан алдағы уақытта колледжбен тығыз әріптестік орнатып, жаңа технологияларды енгізу бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

🔰 Айта кетейік, Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жуырда жаңа Конституция жобасын әзірлеу комиссиясының құрамында болып, өз үлесін қосты.

🔸Басқосу барысында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директоры Жеңісгүл Мұхамбетпаизова кәсіподақ ұйымының білім беру саласындағы қызметкерлерге көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол әсіресе құқықтық кеңестер мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі кәсіподақтың рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

✳️Кездесу соңында еңбек адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін колледж оқытушылары Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
АҚТӨБЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
1 / 7
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности