+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒ…
Новости территориальных организаций 14 мая 2026

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен «Кәсіподақтағы қаржылық жұмыс. Есепшінің цифрлық көмекшісі: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, шекаралары және қауіпсіздігі»…

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

🧮Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бастамасымен «Кәсіподақтағы қаржылық жұмыс. Есепшінің цифрлық көмекшісі: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, шекаралары және қауіпсіздігі» тақырыбында екі күндік семинар-практикум өтті.

📏Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіподақ ұйымдарындағы қаржылық жұмыстарды жетілдіру, бухгалтерлік есеп жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын түсіндіру болды. Семинарға аудандық кәсіподақ ұйымдарының есепшілері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен сала мамандары қатысты.

🖇️Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Раушан Серікова кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол ұйымның әлеуметтік әріптестікті дамытудағы, сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы рөліне кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар қазіргі кезеңдегі цифрландыру үдерісінің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Раушан Серікова өз сөзінде биылғы «Цифрландыру және жасанды интеллект жылының» ел дамуының жаңа бағытын айқындайтынын жеткізді.

📎Семинарда облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Алтын Базарғалиева кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру мәселелері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Қатысушыларға қаржылық құжаттарды рәсімдеу, есептілік жүргізу және қаржы тәртібін сақтау бағытында нақты түсіндірмелер берілді.

📝Сондай-ақ облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Айнагүл Маманова кәсіподақ ұйымдарындағы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы айтып, бақылау жүйесінің ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.

📂Семинар-практикум барысында «Jan Ahual» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова эмоционалдық интеллект пен еңбек қауіпсіздігі тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, қатысушылармен тәжірибелік жұмыстар жүргізді.

📁Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогикалық ғылымдардың магистрі, облыстық ЖИ педагогтар клубының жетекшісі Махаббат Төленғалиева «Есепшінің цифрлық көмекшісі: жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, шекаралары және қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасады. Өз кезегінде Махаббат Төленғалиева қазіргі таңда жасанды интеллект технологияларының бухгалтерлік және ұйымдастырушылық жұмыстардағы мүмкіндіктерін таныстырып, оны қауіпсіз әрі тиімді қолдану жолдарына жіті тоқталды.

🗞️Басқосуда облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Лаура Амирова азаматтық-құқықтық шарттарды жасау тәртібі мен жаңа ҚР Салық кодексі аясында жеке тұлғалардың табыстарына салық салудағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📄Семинар-практикумның екінші күні 1С бағдарламасы бойынша тәжірибелік жұмыстармен жалғасты. Қатысушыларға бухгалтерлік есепті автоматтандыру, бағдарламамен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері мен практикалық дағдылары үйретілді.

📝Семинар-практикум қорытындысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарына жауап алды.

АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
АҚТӨБЕДЕ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности