+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар»…
Новости 19 февраля 2019

Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті

Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті

Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері…

Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті


Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіптік одағы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған үшжақты әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім аясында жұмыс тобы құрылып, мұғалімнің беделін арттыруға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын түсіндіру жұмыстары республиканың әр аймақтарында жүргізілуде.

Осындай шараның бірі Алматы облысы Қапшағай қаласында да ұйымдастырылады. 19 ақпан күні «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында өткен республикалық семинар-кеңестің жұмысына Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары А.Мұқашева, бас маманы Р.Қыдырбаева, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Б.Әбілкәрімова, Н.Дидарбекова, Қ.Алғазинова қатысып, білім саласындағы жаңашылдықтарға тоқталып, өзекті мәселелерді талқылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Бибі Қажымолдақызы «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасының негізгі баптарына тоқталды. Ал Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары А.Мұқашева Заң жобасына ұстаздардың әлеуметтік кепілдіктері бойынша енгізілген өзгерістерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Бүгінгі білім саласындағы қызметкерлердің еңбекақыларына қосылатын үстемақы базалық лауазымдық жалақыға байланысты төленеді, ал оның мөлшері небәрі 17697 теңгені құрайды. Салалық кәсіподақ базалық лауазымдық жалақыны минималды жалақыға теңестіруді ұсынып отыр. Егер бұл ұсыныс жүзеге асса, педагог қызметкерлердің еңбекақыларына қосылатын үстемақылардың көлемі едіәуір көтерілер еді», - деді өз сөзінде Айгүл Мақсатқызы.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы Наужан Дидарбекова 2019 жылы жоғарғы оқу орындарына білімгерлерді қабылдау бойынша енгізілген өзгерістерге тоқсталса, аталмыш министрліктің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

Семинар бағдарламасына сәйкес өткен секциялық отырыстар барысындатехникалық және кәсіптік білім беруұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі туралы сөз қозғалды. Пікір алмасуформатындаөткен шара барысында білім саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалып, қатысушылар сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлованың төрағалығымен өткен семинарға аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, арнаулы оқу орындары мен орта мектеп директорлары барлығы 260 ұстаз қатысты.

20 ақпанда семинар өз жалғасын Іле және Қарасай аудандарында тапты. Іле ауданында өткен семинарға Талғар ауданының және Қарасай ауданында өткен семинарға Жамбыл ауданының білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары қатысты. Семинарға қатысқан 600 жуық ұстаздар қойған сұрақтарына толық жауаптар алып, ұлкен ризашылықтарын білдірді.

21 ақпан күні салалық кәсіподақтың өкілдері А.Мұқашева мен Р.Қыдырбаева "Ұстаз" және Алматы қалалық кәсіподақ ұйымдарының, барлығы 100ден астам, кәсіподақ белсенділерімен кездесу өткізіп, салалық кәсіподақтың 2018 жылы жасаған жұмысы туралы толық мәлімет берді. Сонымен бірге қоғамда кеңінен талқыланып жатқан "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы талқыланып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар берілді.


Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
Алматы облысында «Білім саласындағы жаңашылдықтар» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности