+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
Новости территориальных организаций 12 июня 2025

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ 🧩Қобда ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепке 50 жыл толып отыр. Осы жарты ғасыр ішінде бұл білім ордасы мыңдаған шәкіртке тәлім-тәрбие беріп, олардың өмір жолына бағыт-бағдар көрсетті. Атап айтқанда, 1974–2024 жылдар…

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ

🧩Қобда ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепке 50 жыл толып отыр. Осы жарты ғасыр ішінде бұл білім ордасы мыңдаған шәкіртке тәлім-тәрбие беріп, олардың өмір жолына бағыт-бағдар көрсетті. Атап айтқанда, 1974–2024 жылдар аралығында мектепті 6000-ға жуық түлек бітіріп шықты. Бүгінде олар еліміздің барлық өңірінде түрлі салада қызмет етіп, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді.
✨Биыл сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, мектептің атына лайық тұлға — Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы да қатар келіп отыр. Бұл – мектеп үшін ғана емес, барша ұлт үшін үлкен тарихи оқиға.
📑Қазіргі таңда мектеп ұжымында 58 кәсіподақ мүшесі еңбек етуде. Бұл ұстаздар қауымы сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келеді.
📝Жылдар өте келе мектептің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды. Ғылыми негізде білім беру бағытында жаңадан жабдықталған пән кабинеттері — биология, физика, ғылым және цифрлық технологиялар кабинеттері оқушыларға сапалы білім беруге зор мүмкіндік туғызуда. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру жұмыстары үшін оқу шеберханасы іске қосылып, оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауы үшін жағдай жасалған.
🗞️Оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп келе жатқан мектеп кітапханасының жұмысы да жоғары деңгейде. Қазіргі таңда кітапхана қорында 3205 дана оқулық пен 3705 көркем әдебиет бар.
📗Мектеп қабырғасында үш бағыт бойынша жұмыс жасайтын мұражай бар: мектеп тарихы, ауыл тарихы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік жолы. Бұл мұражай жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел тарихын білуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
🔆Білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған педагогтар – мектеп мақтанышына айналған ұлағатты ұстаздар.  Мектеп тарихында білім мен тәрбие ісіне өлшеусіз үлес қосқан, шәкірт жүрегіне жол тауып, шырақ жаққан ұстаздар көп. Мектеп мақтанышына айналған ұстаздардың қатарында «Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі» төсбелгісін иеленген және Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған педагогтар бар.
⚜️Аудандық және облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен мектеп ұжымы әлеуметтік қолдаулар мен қамқорлықтан тыс қалмай келеді. Ұйым мүшелеріне қайырымдылық көмектер көрсетіліп, сауықтыру орталықтарына жолдамалар беріліп, еңбегімен ерекшеленген ұстаздар алғыс хаттармен марапатталып жүр.
✅Ұжымдағы әрбір ұстаз – өз ісінің шебері, болашаққа жол ашар шамшырақ. Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, шәкірт жүрегіне жол тапқан бұл ұстаздар мектептің дамуына, рухани өрлеуіне зор үлес қосып келе жатқан тұлғалар. Кәсіподақ ұйымы да осы ұжымның әлеуметтік жағдайын жақсартуда, бірлік пен ынтымақты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Ұстаздар қауымының бірлігі мен жанашыр еңбегі  Әлия мектебінің жарқын болашағына берік негіз.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
1 / 10
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности