+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН…
Новости территориальных организаций 16 июля 2025

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ 🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жыл сайынғы дәстүрді жалғастырып, жазғы демалыс кезеңінде кәсіподақ мүшелерінің тиімді әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл…

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ

🌱Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жыл сайынғы дәстүрді жалғастырып, жазғы демалыс кезеңінде кәсіподақ мүшелерінің тиімді әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Биыл ауданның  білім қызметкерлері еліміздің түрлі шипажайларында денсаулықтарын нығайтып, тарихи-танымдық саяхаттар арқылы рухани серпіліс алды.
🍃Алғалық ұстаздар үшін биылғы жаздың басты бағыттарының бірі – Сарыағаш өңіріндегі шипажайлар болды. Атап айтқанда, кәсіподақ мүшелері "Сайрам", "Ердәулет", "Айсары" сияқты танымал шипажайларда демалып, емдік процедуралар қабылдады. Бұл орындар минералды суларымен, емдік климатымен және жоғары деңгейдегі медициналық қызметімен танымал.
🎍Сонымен қатар, бірқатар кәсіподақ мүшелері Алға ауданында орналасқан "Шипагер" шипажайында демалып, туған жер төсінде тынығып қайтты. Жергілікті шипажайдың қолжетімді қызметі мен сапалы емдік бағдарламасы білім қызметкерлерінің көңілінен шықты.
🌴Ал, демалушылардың бір бөлігі еліміздің рухани және табиғи бай өңірлеріне тарихи-танымдық саяхат жасап, Түркістан мен Бурабай қалаларын аралады. Түркістан сапары барысында ұстаздар  тарихи-мәдени орталықтарға барып, рухани азық алды. Ал Бурабайдағы табиғатпен үндескен демалыс саяхатшылардың сергектігі мен күш-қуатын арттырды.
✨Бұл сапарлар кәсіподақ мүшелеріне туған елдің мәдениеті мен тарихын терең тануға, көзбен көруге мүмкіндік беріп, кәсіби қызметіне рухани шабыт сыйлады.
📑Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бұл бастамалары ұстаздар еңбегіне деген құрмет пен нақты қамқорлықтың айғағы. Кәсіподақтың қолдауымен ұйымдастырылған шипажайлық демалыс пен саяхаттар білім саласы қызметкерлерінің денсаулығын нығайтып қана қоймай, әлеуметтік көңіл күйін көтеруге де ықпал етті.
📚Ұстаздар қауымы өз алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта да кәсіподақ тарапынан осындай игі бастамалар жалғасын табарына сенім білдірді.
 
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ
АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ
АЛҒА АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ШИПАЖАЙ МЕН ТАРИХИ САПАРҒА АРНАДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности