+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН
Новости 22 января 2025

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Шу аудандық комитеті өз құрамына 89 бастауыш ұйымға біріккен 5507 сала қызметкерін топтастырған ірі кәсіподақ филиалы саналады. Филиал өз жұмысында…

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Шу аудандық комитеті өз құрамына 89 бастауыш ұйымға біріккен 5507 сала қызметкерін топтастырған ірі кәсіподақ филиалы саналады. Филиал өз жұмысында ерекше басымдық беретін жұмыс бағыттарының бірі - әлеуметтік әріптестік болып табылады. Осы ретте, аудандық комитеттің кезекті ІІ Пленумы өтті. Алқалы жиынға Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қатысып, кәсіподақ мүшелерінің Ұжымдық шарт аясында құқықтық қорғалу жұмысымен танысты.

Есепті баяндама жасаған Шу аудандық комитетінің төрағасы Аида Бекмурзина Ұжымдық шарт арқылы аймақта педагогтардың аттестациядан өтуі, оқу жүктемесі мен еңбек және демалыс режимін рәсімдеу, білім беру ұйымдарын оңтайландыру, дәрігерлік тексеруден тегін өту, қосымша еңбек демалыстарының берілуі, еңбек қорғау мен қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету сынды кепілдіктер келісіліп, төленіп жатқанын айтты.

- Қызметкерлердің жалақы төлеу, жұмыс уақытының режимі, демалу құқығын жүзеге асырудағы құқықтарының бұзылуы сиреді. Педагог қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимдерін анықтап, еңбек қорғау шараларын қаржыландыруға еңбек ақы қорының 1%, яғни 2025 жылға 55589074 теңге бағыттауға қол жеткіздік, - деген кәсіподақ төрағасы бірқатар мәселелерге де тоқталды.

- 2024 жылы құзырлы органдар тарапынан жүргізілген бақылау-тексерудің нәтижесінде «Ұжымдық шартпен көзделген бірқатар нормалар заңға қайшы» деген қорытынды шығып, үлкен проблема туындап, кәсіподақ тарапынан сотқа талап арыздар беріліп, тиісті процедуралық жұмыстар жүруде. Биыл мәселе оң шешімін табады деп сенеміз, - деді Аида Рашидқызы.

Есепті баяндама жасаған білім бөлімі басшысының м.а. Нұрбақыт Балтабай мектеп директорларының басшы ретінде аттестациядан өту мерзімін 3 жылдан 5 жылға ұзартып, жалақы мөлшерін арттыруды тиісті органдарға жеткізуді сұраса, Жамбыл атындағы орта мектептің БКҰ төрағасы Гуля Адилбаева кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау қызметінің тиімділігін арттыру жұмысын белсендіре түсуді сұрады. «Абай» орта мектебінің директоры Айжан Байгисиева мекемелердегі бірлестік жетекшілеріне 25% қосымша ақы төлеу мәселесін шешіп беруді сұрады.

Жарыссөзге аудандағы барша әріптестерінің атынан шыққан «Жібек жолы» мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Жамиля Суюмбаева ұжымдық шарт игілігі ретінде жалақы мөлшері лауазымдық жалақыдан 30%-ға артып, қосымша ақы төленіп отырғанына алғыс білдірсе, аймақтық құқықтық еңбек инспекторы Елдана Тілеужан өткен жылы құқықтық қызметтің экономикалық тиімділік көрсеткіші 10 124 248 теңгені құрағанын, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков филиал жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалап, алдағы міндеттерге тоқталды.

- Ұжымдық шарт арқылы міндеттемелер алған тараптар еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеудегі олқылықтарды мейлінше жедел және тиімді түрде шешуде. Иә, былтырғы тексерулер бірқатар мәселе тудырды, дегенмен қол қусырып отыратын кез емес. Сот арқылы бұзылған кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда. Алда жаңа қабылданған Ұжымдық шарт талаптарын ұтымды жүзеге асыру, зерделенген жұмысты жетілдіріп, саладағы өзге де мәселелерді нәтижелі шешуге мүмкіндік беретін жұмыстар тұр. Осы бағытта бірлесіп әрекет етуге шақырамын, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Мұнан соң қызу талқылауға түскен аудандық комитеттің 2025 жылға кіріс-шығын сметасы бекітіліп, Қаулы қабылданды. Жиын соңы мерейлі жасқа толған кәсіподақ мүшелерін салтанатты құттықтау шарасына жалғасты.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІККЕ – ЕРЕКШЕ ЕКПІН
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности