+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясын…
Новости 26 августа 2018

Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясындағы көшпелі семинар-кеңесі Батыс Қазақстан облысында

Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясындағы көшпелі семинар-кеңесі Батыс Қазақстан облысында

Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясындағы көшпелі семинар-кеңесі Батыс Қазақстан облысында Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлері қызметінің негізгі мәселелері…

Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясындағы көшпелі семинар-кеңесі Батыс Қазақстан облысында

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлері қызметінің негізгі мәселелері. Еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің ролі» тақырыбында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен білім беру ұйымдарының басшылары және облыстық кәсіподақ активіне арналған көшпелі семинар – кеңес өткізілді.
Семинар – кеңестің жұмысына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайым орынбасары Айгүл Мұқашева, бас маманы Райхан Қыдырбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Шолпан Кадырова, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов және өңірдегі барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев семинар-кеңестің қатысушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардың белсенді қатысуына және семинар жұмысының сәтті өтуіне тілек білдірді.
Орталық комитеттің төрайым орынбасары Айгүл Мұқашева салалық кәсіподақтың жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, салалық келісімнің және білім беру мекемелерінде еңбек заңдылығының орындалуы, өңірлердегі құқықтық қызмет жұмысының нәтижесін және еңбек қауіпсіздігінің сақталуы жөнінде нақты деректермен семинар-кеңес қатысушыларын таныстырды, сонымен қатар, кәсіподақ жұмыс тобының мүшесі ретінде еңбек қатынастары мен біліктілік талаптарына қатысты нормативтік-құқықтық жобаларды талқылауда белсенді қатысатынын жәнеде салалық кәсіподақ бастамасымен атқарылған әлеуметтік, мәдени іс-шаралар бойынша да ақпараттар берді. Қатысушылар ақпараттағы нақты деректерге, жалпы салалық кәсіподақтың атқарып отырған қызметіне үлкен қызығушылық танытып, бірқатар сұрақтарына жауаптар алды.
Семинар – кеңестің бағдарламасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа жүйесі және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау туралы кеңінен ақпарат беріп, Бөрлі, Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшылары мен қалалық кешкі мектеп директорының ҰБТ-ны ұйымдастыру және экстернат нысанында оқытуға қатысты қойылған сұрақтарына нақты жауап берді.
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова семинар–кеңесті ұйымдастырушылар тобына ризашылығын білдіріп, білім қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы мен білім беру саласында орын алатын жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігі туралы пікірін білдіріп, жұмыс берушілердің еңбек қатынастары бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев тақырып аясында қатысушылардың толық ақпарат алуына, өз сұрақтарына нақты жауап алуға мүмкіндік туғызған көшпелі семинар–кеңесінің жұмыс тобына алғысын білдіріп, семинар жұмысын қорытындылады.
Әлеуметтік әріптестік туралы салалақ келісімнің тараптар арасында еңбек қатынастарын реттеуде, олардың мүдделерін үйлестірудегі салалақ келісімнің құқықтық мәнін және орнын, міндеттемелер орындалмаған жағдайда заң аясында туындайтын айыппұлдар жөнінде Райхан Қыдырбаева өз сөзінде атап өтті.
Семинар – кеңес жұмысы салтанатты марапаттау шарасына ұласты. облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұсынысы бойынша, білім беру саласындағы кәсіподақ қозғалысы мен кәсіподақ дамуына зор үлес қосқаны үшін әлеуметтік әріптестік ретіндегі белсенді мекеме басшылары мен кәсіподақ төрағалары және кәсіподақ мүшелеріне «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің тарапынан құрмет грамотасын Шолпан Каринова мен Айгүл Мұқашева табыстады.
Семинар жұмысына білім саласының 240-қа жуық кәсіподақ белсенділері мен жұмыс берушілер қатысты.

1 / 11
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности