+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕС…
Новости 04 марта 2025

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматовпен бірге Сарыағаш ауданына…

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ

⚜️ Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматовпен бірге Сарыағаш ауданына іссапармен барды.

⚜️ Сапар барысында Жандос Шайдулла мен Ғалымжан Алматов алдымен Қызылжар ауылындағы №75 Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектепте болды. Мұнда олар ауданға қарасты білім беру ұйымдарының жас мамандарымен кездесіп, «Жас маманның жетістігі: тәлімгер мен спикердің рөлі» тақырыбында ашық сұхбат жүргізді.

⚜️ Кездесуде жас педагогтардың кәсіби дамуы, тәлімгерлік институтының маңыздылығы және педагогикалық тәжірибенің сабақтастығы мәселелері талқыланды. Жандос Шайдулла кәсіподақ тарапынан жас мамандарға көрсетілетін қолдау туралы айтып, олардың еңбек жағдайын жақсарту, кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, тәлімгерлік жүйесі мен біліктілікті арттыру шараларының жас мұғалімдерге берер мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.

Ғалымжан Алматов өз сөзінде білім сапасын арттыруда жас педагогтердің рөлі зор екенін айтып, мемлекет тарапынан жас мамандарды қолдау шараларына назар аудартты. Жас мұғалімдер де өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

⚜️ Жас мамандармен өткен кездесуден кейін делегация ауданның білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогтарымен жүздесті. Бұл жиында ұстаздар өздерінің еңбек жағдайлары, жалақы, кәсіподақ кепілдіктері мен құқықтарын қорғау мәселелерін көтерді.

⚜️ Жандос Шайдулла кәсіподақтың білім беру қызметкерлерінің мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарын баяндап, педагогтердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан іс-шараларды түсіндірді. Ол, әсіресе, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қолдауы, жұмыс жүктемесін оңтайландыру, мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау секілді мәселелерге ерекше тоқталды.

⚜️ Одан кейін Жандос Шайдулла мен Ғалымжан Алматов “AMANAT” партиясының аудандық кеңсесіне барып, азаматтарды жеке қабылдау шарасына қатысты. Қабылдау барысында тұрғындар білім беру сапасы, мұғалімдердің құқықтарын қорғау, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу бағдарламалары мен мұғалімдердің жүктемесі сияқты маңызды сұрақтар қойды.

Ғалымжан Алматов әрбір өтінішті мұқият тыңдап, мәселелердің шешу жолдары туралы түсіндірді. Жандос Шайдулла да кәсіподақ тарапынан көрсетілетін көмек пен қолдау түрлері жайлы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

⚜️ Күннің соңында Жандос Шайдулла мен Ғалымжан Алматов ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы кездесу өткізді. Бұл жиында:

• Мектептердегі білім сапасын арттыру

• Педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту

• Мектеп инфрақұрылымын дамыту

• Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру

• Кәсіподақ пен білім басқармасы арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту

сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу барысында білім беру ұйымдарының басшылары мектептерде кездесетін нақты проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы ұсыныстарын жеткізді.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ПЕДАГОГТАРМЕН КЕЗДЕСУ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности