+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ…
Новости территориальных организаций 24 июня 2025

АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ Алакөл ауданында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіндегі жұмыс берушінің міндеттерін түсіндіру, еңбек қатынастарындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында көшпелі семинар ұйымдастырылды. Шараны Қазақстан…

АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Алакөл ауданында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіндегі жұмыс берушінің міндеттерін түсіндіру, еңбек қатынастарындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы бірлесіп өткізді.
Семинарға аудан мектептерінің басшылары, кадр мамандары мен кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиын барысында еңбек қатынастары, ұжымдық шарт жасау тәртібі, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. 
Жиынды облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, кездесудің басты бағыты еңбек заңнамасын сақтау, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынасты заң шеңберінде реттеу сынды мәселелерге негізделгенін жеткізді.
Семинар еркін форматта өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктер мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Еркін Даулетұлы, Алакөл ауданы прокурорының орынбасары Бүркіт Нұрмұханбетов, облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан еңбек дауларына қатысты заң аясындағы түсініктемелер беріп, қатысушыларға кеңес ұсынды.
Осындай көшпелі семинарлар аймақтағы еңбек мәдениетін арттырып, құқықтық олқылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды шара екені айтылды.
 
Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі

АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности