+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – ЕДЕН ЖУУШЫ
Новости территориальных организаций 11 сентября 2025

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – ЕДЕН ЖУУШЫ

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – ЕДЕН ЖУУШЫ

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – ЕДЕН ЖУУШЫ Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім елімізде еңбек адамына деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр. Аталған бастама — қарапайым еңбек адамдарына, соның ішінде күнделікті көзге көрінбейтін, бірақ еңбегі…

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – ЕДЕН ЖУУШЫ

Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім елімізде еңбек адамына деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр. Аталған бастама — қарапайым еңбек адамдарына, соның ішінде күнделікті көзге көрінбейтін, бірақ еңбегі зор мамандарға құрмет білдірудің нақты көрінісі. Солардың бірі — еден жуушылар.

Көп адам бұл мамандықты менсінбей қарауы мүмкін. Алайда күнде таңмен таласа тұрып, мектеп, аурухана, кеңсе, қоғамдық орындарды таза ұстау үшін жанын салып жүрген жандар – дәл осы еден жуушылар. Олар – біздің көзімізге көп көріне бермейтін, бірақ тыныш әрі таза өміріміздің шын қорғаушылары.

Алматы қаласы Алатау ауданындағы №26 жалпы білім беретін мектебінде жұмыс істейтін Қожабекова Сауле Бекқалиқызы апайымыз 18 жылдан астам уақыт бойы осы мектепте еңбек етіп келеді. Отбасының ұйытқысы болып отырған аяулы жар, ардақты ана, немерелерін тәрбиелеп отырған асыл әже. Сәуле апай өз жұмысына үлкен қамқорлықпен қарап, тазалық пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін бар күшін салатын еңбексүйгіш адам. Төзімділігі мен шыдамдылығы ерекше, кез келген қиын жағдайға сабырлы қарайды. Өз міндеттерін жүйелі әрі сапалы орындауға тырысады. Қызметіне деген құрметі мен адалдығы, кәсіби шеберлігі арқылы командадағы сенімді және жауапты қызметкер.

Еден жуушы болу оңай шаруа емес. Олар күн сайын ерте келіп, кеш қайтады. Қолдары үнемі суда, химиялық заттармен жұмыс істейді. Бірақ олар бұл еңбекті ренжімей, үнсіз атқарады. Себебі әр адам өз ісіне адал болса қоғам дамиды.

Менің ойымша, нағыз кішіпейілділік пен төзімділік – дәл осы мамандық иелерінің бойында бар. Олардың еңбегі – көзге көрінбесе де, жүрекпен сезіледі. Олар болмаса, айналамыз ластанып, тәртіпсіздік орнайды. Ал тазалық – денсаулықтың, жайлылықтың, мәдениеттіліктің бастауы.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» осындай қарапайым еңбек иелерінің еңбегін бағалау, оларды көтермелеу, жағдайын жақсарту үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл — еліміздің әр азаматына: «Қандай мамандықта болмасын, сенің еңбегің маңызды» деген құрметтің белгісі деп ойлаймын.

Еден жуушылар — қоғамның тыныштығы мен тазалығына үлес қосып жүрген еңбек майдангерлері. Оларға алғыс айтып, еңбектерін бағалап, қадірлеу — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.

 

Б.Әбілдаев,

Алматы қаласындағы N26 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ төрағасы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности