+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ
Новости территориальных организаций 11 мая 2026

АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ Әрбір білім ордасының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған тұлғалар болады. Солардың бірі – Махамбетов Ерік Назбайұлы. Ол Досбол орта мектебінде 32 жыл бойы табан аудармастан еңбек етіп, шәкірт жүрегіне жол…

АДАЛ ЕҢБЕК - АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ

Әрбір білім ордасының тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған тұлғалар болады. Солардың бірі – Махамбетов Ерік Назбайұлы. Ол Досбол орта мектебінде 32 жыл бойы табан аудармастан еңбек етіп, шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз, тәжірибелі ұйымдастырушы ретінде ел құрметіне бөленген жан.

Ерік Назбайұлы еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің негізін қалауға үлкен үлес қосты. Оның әр сабағы оқушы үшін жаңалыққа толы, тәрбиелік мәні жоғары, қызықты да мазмұнды өтетін. Ұстаздың басты ұстанымы әр баланың бойындағы қабілетті ашу, оны тұлға ретінде қалыптастыру болды. Осы жолда ол талмай еңбек етіп, талай шәкірттің өмір жолына бағыт-бағдар берді.

Ерік Назбайұлы уақыт өте келе өзінің кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл қызметте де ол мектептің оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға аянбай еңбек етті. Ұжым арасында сыйлы, әріптестеріне бағыт-бағдар беретін тәжірибелі маман ретінде танылды.

Ерік Назбайұлы тек ұстаз ғана емес, ол шәкірт үшін үлгі, әріптес үшін тірек, мектеп үшін мақтаныш. Оның еңбекқорлығы, жауапкершілігі, адамгершілік қасиеттері кейінгі жас мамандарға өнеге болары сөзсіз.

Осындай саналы ғұмырын білім саласына арнаған тұлғалардың еңбегі ешқашан елеусіз қалмайды. Ерік Назбайұлының өнегелі жолы бүгінгі жас ұрпақ үшін үлкен үлгі, ал оның шәкірттері ұстаз еңбегінің жарқын жемісі.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности