+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
Новости территориальных организаций 06 августа 2026

АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ СҚО Ақжар ауданы Алқатерек орта мектебінің «Қарлығаш» шағын орталығында 13 жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан аспазшы Досжанова Гүлнар Домбайқызы. Гүлнар апай – ұжымның мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүрген ардақты жан. ​Балғындардың…

АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

СҚО Ақжар ауданы Алқатерек орта мектебінің «Қарлығаш» шағын орталығында 13 жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан аспазшы Досжанова Гүлнар Домбайқызы.

Гүлнар апай – ұжымның мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүрген ардақты жан.

​Балғындардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануын басты назарда ұстайтын ол өз кәсібіне ерекше жауапкершілікпен қарайды. Әр тағамды аналық мейіріммен әзірлеп, ас мәзірінің құнарлылығы мен сапасына айрықша мән береді. Дәмі тіл үйіретін, нәрлі де пайдалы ас дайындап қана қоймай, балалардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға да зор үлес қосып келеді.

Бүлдіршіндердің «Гүлнар апайдың тамағы өте дәмді!» деген шынайы ықыласы – оның адал еңбегіне берілген ең үлкен баға.

​Осы жылдар ішінде Гүлнар апай өзін ұқыптылығымен, тазалыққа деген тиянақты көзқарасымен, еңбекқорлығы және кәсіби шеберлігімен танытты. Әріптестері арасында сыйлы, мінезі жайдары, жүрегі кең, әрдайым қол ұшын созуға дайын жан ретінде құрметке ие.

​Ұжымдық іс-шараларда, мерекелік дастарқан әзірлеуде де белсенділік танытып, ортақ іске жанашырлықпен атсалысып келеді.

​Гүлнар апайдың еңбегі жай ғана ас дайындау емес, бұл – бала жүрегіне жол табатын қамқорлық пен мейірімнің, шынайы ықыластың көрінісі. Оның алтын қолынан шыққан әр тағамда жылулық пен ізгі ниет бар.

​Осындай адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Гүлнар апай әрдайым құрмет пен алғысқа лайық. Алдағы уақытта да зор денсаулық, шаңырағына шаттық пен береке, еңбегіне толайым табыс тілейміз.

​

Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫҢ ҰЛЫ ЖОЛЫ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫҢ ҰЛЫ ЖОЛЫ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности