+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ
Новости территориальных организаций 26 апреля 2026

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ Бүгін АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов №48 жалпы білім беретін орта мектептің басшысы Қарлыға Әбуованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасына қатысты. Тағылымы мол жиынға…

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАРҚЫН БЕЛЕСІ

 

✔️Бүгін АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов №48 жалпы білім беретін орта мектептің басшысы Қарлыға Әбуованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасына қатысты. Тағылымы мол жиынға әріптес ұстаздар мен кәсіподақ өкілдері қатысып, ұзақ жылдық еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді.

🖇️Салтанатты шара барысында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов ұйым төрағасының құттықтауын жеткізіп, Қарлыға Әбуоваға облыстық кәсіподақ атынан «Әлеуметтік әріптестікке қосқан үлесі үшін» төсбелгісін және шипажайға жолдама сертификатын табыстады. Шараға жиналған қауым ұстаздың білім беру саласына сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнады.

☑️Айта кетейік, Қарлыға Әбуова — 1964 жылы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика факультетін тәмамдап, физика-информатика пәнінің мұғалімі мамандығын алған. Педагог-зерттеуші санатындағы ұстаздың жалпы еңбек өтілі 43 жыл болса, оның 40 жылы білім беру саласына арналған.

📚Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепте бастап, кейін №34 орта мектепте ұстаздық етіп, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2012-2022 жылдары №37 орта мектептің директоры болып, білім ордасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу сапасын арттыруға зор үлес қосты.

📗2022 жылдан бастап №48 жалпы білім беретін орта мектептің басшысы қызметін атқарып, білім сапасын арттыру, мектептің инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

📃Ұзақ жылдық еңбегімен шәкірт тәрбиелеп, білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Қарлыға Қоғабайқызы әріптестері арасында зор құрметке ие. Жиын соңында әріптестері ардақты ұстазға алғыс айтып, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности