+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫ…
Новости территориальных организаций 28 апреля 2026

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ Абай атындағы орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Аталған жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім…

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

 

Абай атындағы орта мектебінде бастауыш кәсіподақ ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Аталған жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Панфилов аудандық филиалының төрағасы М.Тұрлыбеков қатысты.

Жиналыс бекітілген күн тәртібіне сәйкес өтті. Алғашқы мәселе бойынша комитет мүшесі Райгүл Қайырбекова кәсіподақ ұйымының негізгі қызмет бағыттары, мүшелердің құқықтары мен кепілдіктері, сондай-ақ ұйымның міндеттері туралы кеңінен баяндама жасады. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және ұжым ішіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асемхан Жаңбырбаева педагогикалық әдептің мұғалім кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Педагогтің мінез-құлқы, оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынасы, кәсіби этиканы сақтау талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар білім беру сапасын арттырудағы педагогикалық әдептің рөлі ерекше екені айтты.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Марат Кудербаев еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасының сақталуы туралы баяндама жасады. Білім беру мекемесіндегі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, өрт қауіпсіздігі және ішкі еңбек тәртібін сақтау мәселелері қарастырылды. Қаралған мәселелер білім беру ұйымындағы еңбек тәртібін нығайтуға, педагогикалық мәдениетті арттыруға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Жиын соңында Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымының қоғамдағы және еңбек ұжымдарындағы рөліне кеңінен тоқталды. Ол кәсіподақтың негізгі мақсаты – қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және ұжымдағы тұрақтылықты нығайту екенін атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелігінің артықшылықтарына тоқталып, қызметкерлердің құқықтық көмек алу, әлеуметтік қолдау шараларына қатысу, материалдық көмекке жүгіну және түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

Панфилов аудандық кәсіподақ филиалы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности